19
январь
2018
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу – басты міндет
Кейінгі уақытта жастар арасында құқық бұзушылық әрекеттердің көбеюі ешкімді таңқалдырмаса керек. Соның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы істелінетін қоғамдық жат қылықтары кең етек жаюда.
Жалпы адам жақсы-жаманды отбасынан біліп, оның қыр-сырын бойына сіңіреді. Өйткені, балалардың алғашқы өсіп-өнуі, қалыптасуы, әлеуметтік қарым-қатынасы, байланыстары, іс-қимылдар мен мінез-құлық нормаларын меңгеруі отбасынан басталады. Отбасы баланың адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытып, белсенділікке, шығармашылыққа жігерлі, қайратты, адал болуға тәрбиелейді.
Жас жеткіншектің құқық бұзушылық жолына тез икемделіп, ересектер ықпалына еруі ата- ананың кінәсі. Егер әрбір ата-ана баласының сабақтан тыс уақытта қандай іспен шұғылданып жүргенін күнделікті бақылап отырған болса , өкінішті жайлардың аз болары сөзсіз. Баланың достарының кім екенін, мектепте қалай оқитынын қадағалау ата-ана тарапынан күнделікті дағдыға айналса, бақылаудың барын сезінген бала құқық бұзушылыққа сирек барар еді.Қазақстан Республикасының заңы (ҚҚР ҚК-нің 15 бабы) қылмыстық жауапкершілік жасын жалпы қылмыстар үшін 16 жастан, ал саналы түрде істелген ауыр қылмыстар үшін 14 жастан белгіленген. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек
А.С.Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпаған жөн. Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады. Осы мақсатта Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназисында қаңтар айында барлық сыныптарда құқықтық тақырыпқа байланысты сынып сағаттары өткізілді. Бұларға қосымша 9-11 сыныптардың сынып жетекшілер өз сыныптарында «Оқушылар арасында тәртіп бұзу және оның салдары» тақырыбында әңгіме-сұхбат түрінде әңгімелесу, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сынып жетекшілер тәрбие сағатында мектеп қабырғасындағы оқушылардың мектеп ережесін сақтауы, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстау мәдениеті, жеке бас мінез-құлқы мен психологиялық хал-ахуалдарының нормаларына , жасы кәмелетке толмағандар арасында кездесетін қылмыстық істерге және олардың баптары тоқталып, түсіндірме жұмысын жүргізді.
Қаңтар айының 11 күні 5-7 сынып оқушыларымен жасы кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторларымен кездесу өтті. Полиция подполковнигі Қ.Нұрлыбекова «Ақсу ауданы бойынша жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық» тақырыбында дәріс оқыды. Аудан бойынша жасөспірімдер арасында тіркелген қылмыстық істерге тоқталып өтті. Оқушылардың қысқы мезгілде кешкі сағат 2000-ден кейін үлкендерсіз жүруге болмайтынын қатаң ескертті. Оқушылар сұрақтарына жауап берілді. Аудан бойынша темекі шегу және оған шектеу қою, оқушылар арасындағы бопсалаудың алдын алу, ойын –сауық орындарында 2000-ден кейін болмау туралы мәселелерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Егер түнгі уақытта екінші рет ұсталса, оқушылардың ата-анасына айыппұл салынатынын қатаң ескертті. Кездесу соңында оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріліп, түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары А.Молдабергенов.