14
ноябрь
2019
«Қәзіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ»
Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясында кәмелетке толмағандардың құқықтың мәдениетін, 1989 жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Бас Асссамблеясы қабылдаған БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру мақсатында «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндігі өткізілуде. Қараша айының 13-күні мектеп-гимназия бойынша «Қәзіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ» тақырыбында біріңғай сынып сағаттары өткізілді. Сабақтардың барысында оқушылар БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясының негізгі ережелерімен, мектеп оқушыларына қауіпті зорлық-зомбылықтың түрлерімен (отбасылық зорлық-зомбылық – ата-ананың балаға қатыгездікпен қарауы, қоршаған орта, құрбы-құрдастарының кемсітуі, мазақтауы, күш көрсетуі) танысты. Сынып сағаттары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай өткізілді. Жоғарғы сыныптарға өткізілген сабақтар негізінен ақпараттық сипатта болса, төменгі сынып оқушыларына сабақ үстінде сурет салу, тренинг, өз ойын айту элементтері көбірек қолданылды.