02
февраль
2024
Касенова Гүлмира Тынышбекқызының басшылығымен мектепалды даярлық " А" сыныбының жетекшісі Абдрахманова Айгүл Сакеновна көркем әдебиет пәнінен орыс халық ертегісі “ Әтеш түлкі және мысық “тақырыбында ашық сабақ өткізді.
2024 жылдың ақпан айының 2-і күні бастауыш сыныптар бойынша "Парасат" пән бірлестік апталық жобасы аясында, директордың орынбасары Касенова Гүлмира Тынышбекқызының басшылығымен мектепалды даярлық " А" сыныбының жетекшісі Абдрахманова Айгүл Сакеновна көркем әдебиет пәнінен орыс халық ертегісі “ Әтеш түлкі және мысық “тақырыбында ашық сабақ өткізді.Ұйымдастырылған Іс-әрекетті көңілді әуен арқылы балалармен сәлемдесіп, жағымды атмосфера орнатты. Жұмбақ шешу арқылысабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылды.Бейнематериалдан ертегі мазмұны тыңдалды.Кейіпкерлердің бейнесі арқылы,оқушылар үш топқа бөлінді.
Дидактикалық ойын жүзеге асырылды,яғни топ мүшелері ертегі кейіпкерлерінің суретін салып,жапсыру жұмысын атқарып,мүсіндеумен айналысты.Сонымен қатар,бірінші топтың оқушылары мысық жайлы өлең шумақтарын айтса,екінші топ әтеш жайлы жұмбақ жасырып,ал үшінші топтың мүшелері түлкі жайлы жаңылтпаштарды мүдірмей ,жылдам айтып өз өнерлерін паш етті.Достық жайлы ой қозғалып ,сабақ қорытындысы жүргізілді.Сабақ соңында кері байланыс орнатылып, тиісінше балалар мадақталды.Сабақ мақсатына жетті.