28
ноябрь
2017
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында біздің мақсатымыз әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу екенін, саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды жүзеге асыру қажеттігін айтты. Еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымызды атап өтті. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағында тарихи – мәдени ескерткіштер мен нысандар жаңғыртылды. Әрі білім беру саласында өлкетану жұмыстарын жүргізуді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Осы бағытта «Қ.И. Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясы» отдела образования Кербулакского районанде де жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әр сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен қатар 6«Б» сынып оқушылары Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы Ақын Сара мәдени – жастар орталығындағы «Ақын Сара» ескерткішіне топ серуен жасады. Серуен барысында оқушылар айтыскер ақын Сара Тастанбекқызының өмір жолы, атақты әрі сол кезде найман елін аралап, серілік жасап жүрген Біржан салмен шаршы топтың алдындағы айтысы туралы әңгімеледі. Бұл айтыста Сара Тастанбекқызының халық алдындағы беделі артып, елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болғаны жайлы айтылды. Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады.