01
март
2018
Нашақорлық-қауіпті індет, алдын алу-міндет.
Нашақорлық – есірткі заттектерін қолданудан пайда болатын созылмалы ауру.осы дертке шалдыққандарды есірткіге тәуелділер, немесе нашақорлар дейді. Бұндай диагноз өте қауіпті: адам нақты бір препаратқа немесе олардың тобына толықтай физикалық және психологиялық тәуелділікте болады.Мұндай тәуелділік ақырында оның түбіне жетеді. Санасыз түрде өзін-өзі өлтіру процесі жүреді, өйткені нашақор өз ағзасын өзі қатты қиналысқа түсіреді. Нашақорлықтың алғашқы белгілері: үйреншікті өмір салты өзгереді (есірткіге тәуелді адамның өмірге көзқарасы өзгереді, араласатын адамдары, қызығушылығы өзгереді. Бұрын алдыңғы кезекте тұрған мәселелері артқа ысырылады. Адам үнемі бір жақта жүреді, үйіне тамақ ішуге, ұйықтауға ғана келеді); себепсіз көңіл-күйі мың құбылады (жаңа ғана күліп отырған адам аяқ астынан түнереді, бей-жай болады). Ұйықтау режімі бұзылады (есірткі психикаға әсер еткендіктен ол күндіз шаршап, болбыр жүреді де түнде «оянады», сергектік сезімі жоғалады). Тамақтану режімі де өзгереді (күндіз нәр татпай, кешке жақын аш қасқырдай қомағайланады, бұрын көп тамақ жейтіндер енді аз жейді және керісінше. Бұрын тамақты талғап жесе, қазір не жесе де бәрібір. Тамақ жеу мәнері де жаман жаққа өзгереді). Нашақорлықтың алдын алу отбасынан басталады. Қалайша? Ең бастысы, ата-ананың үлгісі, олардың сау өмір салттары. Нашақорлықтың алдын алу баланы нашақорлықтан сақтайтынын ата-аналар түсіну қажет. Отбасында баламен ашық сөйлесіп, сенімді қарым-қатынас орнату керек. Қатаң тәртіп пен талап қою, өз дегенімен жүргізу балаға қиын тиеді, отбасынан көмек алу мүмкіндігі болмайды. Нашақорлықтың алдын алу мүмкін болмайды. Бұндай тактикада бала елітуге қарсы тұра алмайды. Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы бойынша нашақорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар болып өтті. Ақпан айының 5-9 аралығында сыныптар арасында сурет байқауы өткізіліп, байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, сыныптар бойынша мақтау грамоталарымен дүйсенбілік оқушылар жиынында марапаттау жасалды. 16 ақпан күні 8-10 сынып оқушылары арасында 10-сынып оқушысы Естаев Еламан нашақорлықтың, темекінің, ішімдіктің зияндылығы жөнінде түрлі видеороликтерді, слайдтарды көрсете отырып түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ақпан айының 19-күні «Біз салауатты өмірді таңдаймыз» атты тақырыбында 8-10 сыныптар арасында КТК ойынын өткізілсе, 20 желтоқсан 5-7 сыныптар арасында да КТК ойынын өткізіліп, қорытындыланып марапаттау жүргізілді. 20-ақпан күні құқық бұзушылықтың алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 6-7 сыныптар арасында ритмикалық би жарысы өткізілді. Қазіргі кезде мектеп оқушылары мен жастар арасында есірткінің дәмін сезіп, сол зұлымдыққа мойынсұнып кеткен жастар барын жоққа шығара алмаймыз. Қорыта айтқанда, қылмыстар мен зұлымдық атаулының туындауына әкеліп соқтыратын нашақорлық және есірткіге қарсы күрес - бүгінгі таңда ерекше назар аудару арқылы, мейлінше ықпалды әрі тиімді шараларды үздіксіз жүргізіп отыруды қажет ететін баршамыздың басты міндетіміз.
Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясының директорының орынбасары А.Молдабергенов.
Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясының директорының орынбасары А.Молдабергенов.