01
сентябрь
2018
“ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!”
2018 жылдың 1- қыркүйек күні «Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясы» отдела образования Кербулакского района бойынша “ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!” атты салтанатты алғашқы қоңырау мерекелік іс – шарасы болып өтті. Іс-шара мектеп жаныңдағы орталық алаңда Сағат 9:50 –де басталды. Іс-шараға 5-11 сыныптар оқушылары, ұстаздар, ата - аналар және құрметті қонақтар қатысты. Жүргізуішінің кіріспе сөзінен кейін музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шықырылды. І.Жансүгіров ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі орындалды. Меркелік іс-шара Қазақстан Республикасының гимні орындалуымен ашылды. Салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөзін мектеп – гимназия директоры Нұрахметов Берік Тұрсынбайұлы сөз сөйледі. Жиынның қонақтары атынан сөз «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дәулетбекова Күләйхан Тұрсынбекқызына берілді. 1-сынып ұстаздары атынан құттық сөзі Мамырайымова Манар Қошқарбекқызына берілді. Алғашқы қоңырау соғу құрметі 11 «А» сыныбының оқушысы, мектебіміздің мақтанышы, мектепішілік «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшесі Естаев Еламанға және 1 «Б» сынып оқушысы Шалқарқызы Аяулымға берілді. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының гимнімен 10:35-те аяқталды. Алғашқы қоңырау мерекесі «Мен өз елімнің патриотымын» атты алғашқы тәрбие сағатымен сыныптарда жалғасын тапты.