05
февраль
2021
МЕКТЕПІШІЛІК ОҚУЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
МЕКТЕПІШІЛІК ОҚУЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясы бойынша
22 .09.20 ж мектеп – гимназиямызда дәстүрлі тұйғын ақын Қуат Терібаев оқуы қашықтан ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Байқауға 16 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Байқау үш кезең бойынша өтті. І кезең Қуат Терібаев өлеңдерін мәнерлеп оқу, ІІ кезең Ақынға арнау, ІІІ кезең «Тұйғын ақын» тақырыбында шығарма жазу. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығар сайыста 8- сынып оқушысы Нұрқан Аружан І орынды қанжығасына байлап, аудандық байқауға жолдама алды. /Жетекшісі Капышева Жанар Капышқызы/
22 .10.20 ж мектеп – гимназиямызда дәстүрлі Құдаш Мұқашев оқуы онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Байқауға 14 оқушы қатысты. Үміткерлер үш кезең бойынша бақтарын сынады. «Сөйлеп бір кетсе өткендер» кезеңінде оқушылар ақынның бір өлеңін жатқа айтты. «Қырдағы жер ошақтың жалындары» кезеңінде оқушылар арнау өлеңдерін оқыды. «Көзден кетсе де, көңілден кетпес бейне» кезеңінде оқушылар ақынның прозасынан сахналық қойылым көрсетті. Сайысқа қатысушы үміткерлердің арасынан өз өнерімен ерекше көзге түсіп жоғары ұпай жинаған 5- сынып оқушысы Мақсат Арыс І орынды иеленіп, аудандық байқауға жолдама алды. /Жетекшісі Жұмағұлова Әйгерім Асхатқызы/