Әдістемелік күн
2021 жылдың 28 қазан күні мектеп – гимназияда «Білім берудегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында сабақ беруде АКТ-ны тиімді қолдану және интернет платформаларымен жұмыс жасау жолдары» тақырыбында әдістемелік күн өткізілді.
Әдістемелік күннің мақсатын білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою бойынша интернет платформаларында белсенді тапсырмалар әзірлеудің тиімді жолдары деп қарастырып, информатика пәнінің мұғалімдері Н.С.Сейтпеткалов «Информатика пәнін оқытудағы олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында интернет платформаларын тиімді қолдану жолдары», Н.Е.Тогасова «Білім берудегі олқылықтардың орыны толықтыруда Liveworksheets платформасы арқылы қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүзеге асыру», А.Т.Нургалиева «Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтаудағы Google Forms платформасының тиімділігі» тақырыбында таныстырылым жасады.