26
сентябрь
2019
Таныс болайық, Жас маман
Таныс болайық, Жас маман
23 қыркүйек күні «Жігер» шығармашылық тобының жылдық жоспары бойынша «Таныс болайық, Жас маман» тақырыбында мектеп психологтарымен біріккен семинар- тренинг өткізілді. Семинар-тренинг мақсаты: жас келген мамандардың құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл-күйлерін көтеру, өздерін еркін ұстауға дағдыландыру. Семинарға мектеп-гимназиядағы 14 жас маман толығымен қатыстырылды. «Жігер» шығармашылық топ жетекшісі А.Хусаинова мен мектеп – гимназия психологтары Г.Айткожина және А.Каметжановалар жас мамандарға жағымды психологиялық ахуал туғызды.