05
февраль
2021
ДАРЫНДЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
ДАРЫНДЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек» деп Үкіметке дарынды балалардың қабілетін дамытудың Жол картасын әзірлеуді тапсырған болатын. Сонымен қатар ол осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндіктер жасау керектігін айтқан еді. Осы ретте, баланың бойындағы мұндай айрықша қасиетті дамыту үшін бірнеше міндетті басшылыққа алу қажет. Ең алдымен, баланың жеке тұлғалық ерекшелігін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау, сондай-ақ, балалардың кәсіби және жеке даралық қабілеттерін анықтай алуына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлық, биік ізгіліктің бәрінің кілті – мыңды жығатын білімде. Білім – адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке адам болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Біліммен ғана басқалардан озады. Ұлы суреткер жазушымыз Мұхтар Әуезов «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім», – деп тегін айтпаған.
Мектеп – гимназия бойынша «Дарын» шығармашылық тобының жылдық жоспары бойынша zoom платформасы арқылы «Дарынды ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбында оқушылармен конференция ұйымдастырылды. Конференцияны «Дарын» шығармашылық тобының жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байболов Әділет Асхатұлы ұйымдастырып, өткізді