05
февраль
2021
ZOOM платформасы арқылы вебинар ұйымдастырылды
Қашықтықтан оқыту: тәжірибе және даму тетіктері
18 қаңтар 2021 жылы мектеп – гимназияның жылдық жоспарлауына сәйкес республика көлемінде «Қашықтықтан оқыту: тәжірибе және даму тетіктері» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы вебинар ұйымдастырылды. Вебинар мақсаты: педагогикалық тәжірибені жетілдіру және кәсіби шеберлікті шыңдау, педагогикалық тәжірибені тарату, өзара тәжірибе алмасу болды. Вебинарды мектеп – гимназия директоры Бекболат Жұмаханұлы жүргізіп, мектепішілік сабақты зерттеу, жас маман мен тәлімгер арасындағы жұмыс, кітап оқу жобасы мен «Кешкі эфир» бағдарламасының жүргізілуі туралы мектеп – гимназия іс-тәжірибесін республика көлемінде таратты. Вебинарға Алматы қаласындағы ПШО менеджері, тренері Алимов Асхат Камзаевич қатысып, өз тарапынан жоғарыда аталған тақырыптар негізінде пікірін , ұсынысын кері байланыс арқылы берді.