14
апрель
2022
Мектеп асханасында тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылуы
Мектеп асханасында тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылуы
Мектеп-имназиямызда тегін ыстық тамақ беру ұйымдастырылуда. Мектеп асханасында тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылуы күнделікті комиссия мүшелерімен бақыланып отырады. Мектеп асханасын тексеру мақсатымыз, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.08.2017ж №611 «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар санитарлық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген мектеп асханаларында тыйым салынған тағамдардың (шұжық өнімдерін, шұжықшалар мен құрамында табиғи бояғыштар, консерванттар, хош иістендіргештер, дәмді күшейткіштер, тәттілендіргіштер бар өзге де өнімдерге), оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақтың сапасын қадағалау.Ас мәзірімен асхананың санитарлық талаптарға сәйкестігі, асхана қызметкерлерінің қызмет көрсету барысы мен сапасы, шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың сапасын бақылайтын бракераждық журналдың уақытында толтырылуын, бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің сәйкестігі қаралады. Мектеп медбикесімен бірге ас сақтайтын қоймаларды және тоңазытқыштарды тексеріліп отырады.
Бүгінгі уақытта тегін ыстық тамақпен 105 оқушы мемлекет тарапынан, 2 оқушы кәсіпкер тарапынан тамақтандырылуда. Школьникам ас мәзірі бойынша тамақ беріледі, оқушылар уақытында келіп тамақтанады, тегін ыстық тамақ тиісті мөлшермен беріледі. Қызметкерлер санитарлық талапқа сай қызмет көрсетеді. Дайын астың сапасын бақылайтын бракераждық журнал мектеп медбикесі тарапынан уақытында толтырылған.
Асханада берілген тамақ талапқа сай, тегін ыстық тамақ ас мәзірі бойынша беріліп отыр. Алдағы 2022 жылы ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың санын 20 балаға арттыру жоспарлануда.