Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 123 жыл » «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2022

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 123 жыл

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 123 жыл

12 сәуір күні – еліміздің ғұлама геолог-ғалымы, көрнекті қоғам қайраткері, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 123 жыл толып отыр. Осыған орай Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиямызда 8-11 сынып оқушылары, мұғалімдердің қатысуымен салтанатты жиын болып өтті. Оқушылар туған күніне орай плакаттар шығарды. Мұндай дәстүрлі іс-шаралар бүгінгі күні Қазақстанның барлық қалалары мен елді мекендерінде өтіп жатыр.
Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазақ халқы мен Қазақстан тарихында ғылымның негізін қалаған көрнекті геолог-ғалым ретінде ғана емес, сондай-ақ өз заманының асқан сөз шебері, ойшылы және белгілі қоғам қайраткері ретінде де ерекше орын алады. Қазақ тау-кен ісінің бастау алып, жер қойнауын зерттеу ісінің қалыптасуы, Жезқазғанның дамуы академик Қ. Сәтбаевтың есімімен қаншалықты тығыз байланысты болса, ғалымның ғылыми еңбек жолы Қазақстанның экономикалық және рухани түрде дамуымен да соншалықты тығыз байланысты. Сәтбаев есімімен тіпті ғарышта «Сәтбаев» 2402 планетасы, жерде «сатпаевит» жаңа минералы аталған.
ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша ХХ ғасырдың соңғы жылы Қаныш Сәтбаев жылы деп жарияланған болатын.
Өз өмірін геология, тау-кен ісімен және металлургиямен байланыстырғысы келетін жас ұрпақ үшін көрнекті ғұлама ғалымның өмірі мен ғылыми қызметі үнемі үлгі болып қала береді. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив