Адал ұрпақ клубының 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыс сараптамасы » «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
ноябрь
2020

Адал ұрпақ клубының 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыс сараптамасы

Ақсу ауданы білім бөлімі
«Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы» КММ бойынша
«Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы

2019-2020 оқу жылында «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Адал Ұрпақ» атты топ құрылып, жоспар бекітілді. Құрылған топпен жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.
2019 жылы «Адал Ұрпақ» еріктілер клубына жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдау рәсімі ұйымдастырылып, өткізілді. «Адал Ұрпақ» тобының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай мақсат , міндеттерді негізге ала отырып, мектебімізде 5- 11 сынып оқушылары арасында «Адал Ұрпақ» ерікті топ 20 оқушыдан құрылып, жетекшісі тағайындалып, іс-шаралар жоспарланып ұйымдастырылды.
Оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырып, дамытуда сыныптан тыс құқық-тық тәрбие берудің маңызы ерекше. Мектеп бойынша құқықтық тәрбие беруде жүргізілетін шаралар оқушылардың ҚР заңдары туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың құқықтық санасын қалыптастыруға, өз міндеттерін дұрыс қарауына, заңдарды сақтауға бағытталған.
2019-2020 оқу жылының басынан білім беру ұйымдарында мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасының іске асырылуы бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қыркүйек айының 2-сі күні мектеп гимназиямызда «1-қыркүйек – Білім күні» мерекесіне орай «Адалдық сағаттары» ұйымдастырылды. Аталмыш шараға әрі лекторлар, әрі қонақ ретінде аудан әкімдігі аппаратының бас инспекторы – Болат Тектібаев, «Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің аймақтық инспекторы – Фархат Ногайшаев қатысты. Қонақтардың және «Адал ұрпақ» клубының мүшелері 9-10 сынып оқушыларымен, аталған мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ – мәңгілік ел идеясы» тақырыбында дөңгелек үстел мен бірқатар сынып сағаттары ұйымдастырылды. Оқушылар тарапынан түрлі мәселелер талқыланды. Мәселен жемқорларға қандай жаза қолданылады? Пара берген және пара алған адамдарға жаза бірдей ме әлде олар әртүрлі статьямен кете ме ? Еліміздегі жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қазіргі кезде қандай шаралар қолданылып жүр? Жемқорлыққа қарсы қай елді үлгі етіп алуға болады? - деген сияқты сұрақтарға оқушылар мәліметтер алды. Аудан әкімдігі аппаратының бас инспекторы – Болат Тектібаев оқушыларға нақыл сөздерін айтып, «Адал ұрпақ» клубының жұмысына сәттілік тіледі. КММ-нің аймақтық инспекторы – Фархат Ногайшаев оқушыларға «Исламдағы жемқорлық жайлы» тақырыбында лекциясын оқып, оқушылардың дүниетанымын арттыра түсті. Қараша айының 06-күні Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясында біріңғай «Адалдық сағаттары» жүргізілді. Жоспарланған сынып сағаттарына қоса ұйымдастырылған мектепішілік «Адал ұрпақ» клубының мүшелінің пікірталас ойыны мен викториналық сабаққа мектеп-гимназия әкімшілік мүшелері мен Ақсу аудандық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің маманы Талғат Көшербайұлы қатысты. Талғат Көшербайұлы ұйымдастырылған іс-шараларға ризашылығын білдіріп оқушыларға оқуда табыс тіледі. Өткізілген пікірталас ойынына жақсы баға беріп, алдағы уақытта Жансүгір ауылы бойынша өткізіге ұсыныс берді. Оқушылар ұсынысты қабыл алып, Жансүгір ауылдық округі бойынша өткізілетін пікірталас ойынына дайындық жүргізетінін айтты. Өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының рөлі орасан зор. Мектеп-гимназияның «Адал ұрпақ» клубы қараша айының 29 күні қобызшы Молықбай атындағы мәдениет үйінде «Адалдық марафонының» туынг қарсы алу іс-шарасына белсене атсалысты. Мектеп-гимназия директорының жеке кабинетінің бірінші қабатта ашық кабинет ретінде орналасқаны туралы видеоролик түсіріліп, Ақсу аудандық әкімшілігінің «Жетісу адалдық алаңы» атты жобасы аясында әлеуметтік желіге жарияланды. Мектеп –гимназиямыздың екінші қабатына сенім телефоны, АКТ залына кіре берісінде «Сенім жәшігі» ілінген. Аптасына бір рет түскен хаттар тексеріліп тұрады. 2019-2020 оқу жылыың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша жемқорлық туралы шағымдар түскен жоқ. Осындай іс-шаралардың арқасында мектеп-гимназия оқушыларының бойында «сыбайлас жемқорлыққа» қарсы мәдениетін қалыптастыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізіле бермек. Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ- дей отырып жұмысымыз жалғасуда.

Аға тәлімгер Серкибаева А.Н.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив