17
март
2022
Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастауымен Жаңа Қазақстан құруға бағыт алғанымыз белгілі . наурыз айының 16 күні жолдауында айтылған бірақатар жаңалықтар мен өзгерістерден көптеген жақсы нәтижелер күтеміз. Барша әлемді жайлаған індеттің де беті бері қарағандай. Президентіміз жолдауында соңғы жылдары біз Қазақстанды түбегейлі жаңғыртуға, трансформациялауға көшкені,халқымыздың жағдайын жақсарту мақсатында саяси реформалар қадамына баратыны , саяси трансформация бүкіл салада тамыр-таныстық пен монополияны түбірімен жойып, адал әрі әділ "ойын ережесін" қалыптастыруды көздейтіні туралы айтып өтті.. Алдағы уақытта осы айтылған сөздерге байланысты әр адамның тәрбиесі мен білімі және мектеп қабырғасында шыңдалған таланты оның болашағы үшін үлкен әсері болатыны анық. Әр адам күдіксіз баласының болашағы үшін алаңдайды. Бүгінгі уақытта әр баланың оқуына, білім алуына барлық жағдайлар жасалған. Осы орайда ұжымның ұстаздарын, оқушылары мен ата аналарын білім алуға үш жақты белсене кірісуге шақырамын.