17
март
2022
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауы
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауының соңында: Қызметіме түрлі адамдардың бағасынан гөрі, мемлекетімізді қорғап қалу аса маңызды "Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Ең бастысы - еліміздің егемендігі. Шын мәнінде, біз үшін Қазақстанның тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан маған елімінің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ. Мені ең алдымен халқымның болашағы қандай болатыны толғандырады. Қызметіме түрлі адамдардың бағасынан гөрі, мемлекетімізді қорғап қалу аса маңызды. Осы жолда жауапкершіліктің бәрін мойныма алуға дайынмын. Бабалар аманатына адал болып, оны ұрпаққа табыстау мен үшін киелі парыз"-деп аяқтады. Мемлекет басшысының осындай батыл шешімдер қабылдап, ел мен жердің мүддесін бәрінен биік қоюы барша қазақстандықтардың жүрегіне асқан сенім ұялатқаны сөзсіз. Келер күнге сеніммен қараған елдің болашағы жарқын болмақ. Мемлекет басшысының бұл ұстанымын біз ұстаз ретінде, өзіміз білім беріп отырған жас ұрпаққа тәрбие берудің басты үлгісі ретінде қолданатын боламыз. Осылайша болашақ жастарымыздың ел мен жерге, отанға деген сүйіспеншілікті бәрінен жоғары қоятын нағыз патриот азаматтар болып шығатынына сенімім зор.