15
август
2019
«Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету»
Мектепке баланы дайындау бүгінгі заманда әр отбасына оңай соға бермейді. Бұл шығын әсіресе әлеуметтік жағынан аз қамтылған, немесе асыраушысынан айрылған оқушылардың отбасы үшін ауыр тиіп жатады. Жыл сайынғы әлеуметтік жағынан мүмкіндігі шектеулі отбасынан шыққан оқушылардың мектепке келмей қалуының алдын алатын Республикалық дәстүрлі "Мектепке жол" акциясы мектеп-гимназиямызда да жүзеге асырылуда. Осы орайда мектеп-гимназиямыздың оқушыларының аудан басшыларына алғысы шексіз. Бір кішкентай қыздың демеушіге "бізге көрсеткен көмектеріңіз өздеріңіздің отбасыларыңызға көптеп қайта берсін" деген сөзі барлық балалардың ойындағы ойы болар. Әрине барлық бала ойындағысын айта бермейді бірақ бетіңе бір қарағаны , қуанғаны ешқандай сөздерді қажет етпейді деп ойлаймыз. Аудан басшылары көмегін аямайтыны белгілі. Мүмкіндігі бар адам осы акцияға өз үлесін қосса екен дейміз, себебі осы балалар мүмкін сіздердің көмегіңізбен мектепке келсе, оқып білім алса, үміттеріңізді ақтап мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосатын шығар. Қолы ашық жандар мектепке келіп көмектеріңізді берсеңіздер балақайлар қатты қуанып рахметін айтар еді.