27
август
2018
Тамшыбұлақ шипалы суы
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жолындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта шілде айының 11- күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп-гимназиямыздың 10 оқушысы Қапал ауылындағы Тамшылбұлақ шипалы суына 1 күндік экскурсия жасады. Оқушылар Қапал ауылына барып, шипалы судан дәм татып, ауылдың қысқаша тарихымен танысып өтті.