15
май
2019
Терроризммен күресу үшін оның алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет.
Терроризм бүгінгі таңда бүкіл әлемге қауіп төндіруде. Терроризммен күресу үшін оның алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет. Мектеп гимназиямызда бүгін Ақсу ауданының теолог маманы Ноғайшаев Фархат Қанатбекұлымен 9-11 сынып оқушыларының кездесуі болып өтті. Кездесу барысында Фархат Қанатбекұлы оқушыларға терроризм мен экстремизмнің келтіретін зиянын, арбау жолдарын, террористік шабуыл жағдайындағы әрекет түрлерін, тыйым салынған діни конфессиялар туралы мәлімет беріп өтті. Бірқатар тақырыптық видеороликтер көрсетілді. Сөз соңынан оқушылар теолог маманға өздерінің сұрағын қойып, білімдерін толықтырды.