12
июнь
2019
"Соңғы қоңырау " мерекесінің алатын орны ерекше.
2018-2019оқу жылы да аяқталды. Оқушылар оқу жылының соңғы қоңырауын естіді. Әрине алда мемлекеттік емтихандар бар, бірақ оқушылар үшін осы "Соңғы қоңырау " мерекесінің алатын орны ерекше. Мереке сағат 9:00де оқу жылының түлектерін қарсы алудан басталды. Салтанатты жиынды мектеп гимназия директоры Жұмаханов Бекболат Жұмаханұлы ашты. Жиынның құрметті қонақтары Ақсу аудандық маслихатының хатшысы Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы, Жансүгір ауылдық округінің әкімі Шарипов Болат Төлегенұлы, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Айтбаев Амангелді Айтбайұлы, ардагер ұстаздар Рахипова Сара Қасымқызы, Жақаева Тоқтабүбі Ақашқызы, Молдабергенова Гүлбаршын Сүлейменқызы болды. Қонақтардың атынан сөз Бейбіт Жаңылысұлына берілді. Осы кісінің қолымен мектебіміздің оқу жылында өздерін жоғары көрсеткен оқушылары мен мұғалімдері марапатталды. 11 сынып жетекшілерінің атынан жан тебірентетін сөздерін Мэлс Амангелдіұлы сөйледі. 11 сыныптың оқу үздіктері 10сыныптарға "Білімнің алтын кілтін" табыстады. Концерттік номерлер көрсетілді. Соңғы қоңырауды соғу құрметі 11 сынып оқушысы, Республикалық әскери-спорттық жарыстардың жеңімпазы Ұлан Сұлтанға және 1 сынып оқушысы Сыдығали Мединаға берілді.