Әдістемелік күн
Мектеп – гимназияда 2021 жылдың 20 қазан күні директордың орынбасарлары Ж.Ахмадиева және Ө.Айқынның ұйымдастыруымен « Сабақ, оның құрылым ы » тақырыбында әдістемелік күн өткізді. Ашық есік күнінің мақсаты жас мамандарға сабақ құрылымдаудағы кейбір ерекшеліктерді, бағаланатын дағдылар сипаттамасын, білім алушылардың оқу деңгейлерінің сипатын талдап көрсету. Іс – шара соңы «Егер дұрыс жоспарланса сабағың, санасына жол ашарсың баланың » ұранымен қорытындыланды.