09
февраль
2021
Жастарды, оқушыларды, студенттерді діни – экстремистік террористік көзқарастардан, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі тыйым салынған әлеуметтік желілер
Жастарды, оқушыларды, студенттерді діни – экстремистік террористік көзқарастардан, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі тыйым салынған әлеуметтік желілерден қорғау, жалған ақпараттың және террористік актілердің алдын алу, шаралары
Қоғамда, әсіресе жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және олардың бойына қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетіне сай келетін құндылықтарды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Жастарға жалпы діни сауаттылық туралы кең түсінік бере келе, жастардың қоғамдағы адамдар арасына іріткі салар дүдәмал ұйымдардан аулақ жүруі керектігін, әсіресе, жастар діни экстремизм мен терроризм субъектілері тарапынан жасалған идеологиялық шабуылдардың алдында қорғансыз болып келетінін, интернеттің жалған ақпараттарына алданып қалмау керектігін ескерту мақсатында 5 – 11 сынып оқушылары арасында іс-шаралар ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерге орналастырылуда.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында балалар қауіпсіздігінің алдын алу, бала денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғау бойынша теріс интернет-контентті сайттарға кіретін оқушыларды анықтау мақсатында ай сайын мониторинг жүргізіліп отыр.
Бүгінгі күнде интернет кеңістіктегі, әлеуметтік желілердегі тыйым салынған діни экстремистік ұйымдар туралы ақпараттық және қарсы насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында әлеуметтік желілердегі аккаунттарды сүйемелдеуді ұйымдастыру және видеохостингтерде ақпаратты, мемлекеттік органдар, ғылыми – сараптамалық қоғамдастық және дін бірлестіктері өкілдерінің антиэкстремистік тақырып бойынша сөз сөйлеулері жастар орталығы тарапынан Facebook, ВКонтакте, Instagram сайттарында орналастырылуда.
Facebook, ВКонтакте, Instagram сайттарында «Экстремистер интернеттегі жастарды қалай қабылдайды», «Сен және сенің болашағың» атты бейнероликтер, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тақырыптарда жадынамалар, алгоритмдер, демотиваторлар жастар орталығының және білім беру ұйымдарының әлеуметтік желілерінде тұрақты түрде жүктелуде.
Интернет желісіне аудандағы жалпы білім беру ұйымдары (100%), қосылған. «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны» іске асыру мақсатында рухани – адамгершілік құндылықтарды насихаттау және тарату үшін нүктелік алдын алу іс – шаралары жүргізілуде. Интернет кеңістігінде түсіндіру – алдын алу жұмыстары ұйымдастырылып, оның ішінде діни экстремизмнің мәнін түсіндіретін ақпараттар әлеуметтік желілерге орналастырылуда. Мектеп оқушыларын теріс діни ықпалдан, оның ішінде Интернетте, әлеуметтік желілерде жеке бос уақыттарын дұрыс пайдалану мақсатында, мемлекеттің зайырлы жағын, ұлттық тарихты, мәдениетті, өнерді нығайту, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу жөнінде қашықтықтан тәрбие сағаттары ұйымдастырылып жатқанына қарамастан оқушылар тарапынан Қазақстан Республикасы аумағында тыңдауға тиым салынған уағызшылардың жазба видео роликтерін әлеуметтік желіде көрушілердің саны өсіп отыр.
Тыңдауға рұқсат етілген уағызшылар:
1. Серікбай қажы Сатыбалдыұлы
2. Еркінбек Шоқай
3. Қабылбек Әліпбай ұлы
4. Ғазиз Ахмет
5. Сейітбеков Смайыл
6. Ерсін Әміре Әбу Юсуф
7. Қанат Жұмағұл
8. Мейіржан Рахматтула
9. Серікжан Еншібай ұлы
10. Батырбек Убаев
11. Батыржан Мансуров
Тыйым салынған уағызшылар:
1. Дарын Мубаров
2. Халел Абдужаббаров
3. Ділмурат Абу Мухаммад
4. Ринат Абу Мухаммад
5. Октам Зауырбеков
6. Саид Бурятски
7. Абу Умар Саситлинский
8. Надыр Абу Халид
9. Абу Яхья Крымский
10. Эльмир Кулиев
11. Абу Ханиф
12. Абу Марьям Назаратулла
13. Муса Абу Юсуф Аш-Шашани
14. Камиль Абу Султан
15. Ахмад Медински
16. Абдуррахим Башпаев
17. Дидар Оспанов
Қазақстан аумағында пайдалануға рұқсат етілген сайттар тізімі:
1. «Azan.kz»
2. «www.muftyat.kz»
3. «Taglym.kz»
4. «Islam.kz»
5. «Kazislam.kz»
6. «Mazhad.kz»
7. «Fatua.kz»
8. «E-islam.kz»
9. «Ummet.kz»
10. «Sunna.kz»
11. «Islam-atyrau.kz»
12. «Mitropolia.kz»
13. «www.tald-blag.kz»
14. «Otegen-batyr.blagochin.ru»
15. «www.katast.info»
16. «www.din.gov.kz»
17. «Niac.gov.kz»
18. «Religion.zhetysu.gov.kz»
19. «Mekr.kz»
20. «www.cipr-tld.kz»
21. «www.crgre-tld.kz»
Жалған терроризм – ойыншық емес
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273 бабына сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатыны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ҚК – 225 бабының ескертуі бойынша терроризм актісін дайындауға қатысатын адам, егер ол мемлекеттік органдарға дер кезінде ескертумен немесе өзге тәсілмен терроризм актісін болғызбауға ықпал етсе және егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау аса ауыр қылмыс қатарына жатады. Қазіргі таңдағы қауіпсіздік жүйесі мен жаңа технологиялар бойынша жалған хабарды жеткізген адамның тұрғылықты жерін және жеке тұлғасын анықтау қиындық тудырмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Балалардың терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар жеткізген жағдайда ата-аналары жауапкершілікке тартылатын болады.
Террористік актілерді болдырмау жөніндегі
халыққа арналған жадынама
Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.
Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.
Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер.
Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.
Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.
Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.
Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.
Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер, бұл - өмірлеріңізге өте қауіпті.
Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.
Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда
халыққа арналған жаднама
Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгілері:
1) сіз жұмыс істейтін немесе үйдің ауласында, ғимарат айналасында (жиі баратын жеріңізді) күдікті тұлғалардың бірнеше рет көрінуі, фото және бейне түсірме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;
2) құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттері (басын түсіру, бұрылып кету, бетін жабу);
3) жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кіруі;
4) және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдар және күзетушілермен бейтаныс адамдардың негізсіз байланысқа түсуі, олардан жұмыс тәртібі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнінде мәліметтерді жинақтау;
5) бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйіншек, посылка беріп жіберу) ірі сыйақыға орындайтын тұлғаларды іздеуі.
Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда келесі іс-қимылды орындау қажет:
1) Ұстауға өздігімен әрекет қабылдамау;
2) Олар жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;
3) Өзіңіз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгілерін, киімдерін және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлік номерін және маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу.
Күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға
арналған жаднама
Біліңіздер: заттардың сыртқы көрінісі оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттар үшін камуфляж есебінде әдеттегі тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйіншек, қорап, ойыншық және т.б.
Табылған заттардың жарылу қаупін куәландыратын, белгілері:
1) көлік маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгісіз түйіншектің немесе басқада бір заттардың болуы;
2) бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кіреберісте, пәтер есігінің, көліктің маңында өзгеше орналасуы;
3) табылған күдікті заттан шудың шығуы (сағат механизміне, жиілігі төмен дыбысқа тән).
Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:
1) қоғамдық көлікте:
- заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;
- егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге немесе кондукторға хабарлаңыз.
2) үйіңіздің кіре берісінде:
- көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112).
3) көшеде, саябақта және т. б.:
- айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);
- затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендерді жібермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.
4) мекемелерде, ұйымдарда:
- тауып алған зат туралы объект күзетшісіне немесе әкімшілігіне дереу хабарлаңыз.
Табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.
Үзілді-кесілді тыйым салынады:
- табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бір жерден екінші жерге апаруға, қолға алуға;
- табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;
- жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;
- заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;
- табылған заңсыз затты пайдалануға;
- оған жақын аралықта радио- және электрлі - аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;
Білім бөлімінің сектор меңгерушісі С.Қожанова