29
ноябрь
2023
29.11.2023 жылы 2"Д" сыныбында сынып жетекшісі Канаева Айнагул Жақыпбекқызы жаратылыстану пәнінен "Денсаулықты қалай күту қажет"тақырыбында ашық сабақ өтті.







Бастауыш бірлестігінде директордың орынбасары Касенова Гульмира Тынышбекқызының жоспарына сай жас мамандарға әдістемелік көмек беру мақсатында 29.11.2023 жылы 2"Д" сыныбында сынып жетекшісі Канаева Айнагул Жақыпбекқызы жаратылыстану пәнінен "Денсаулықты қалай күту қажет"тақырыбында ашық сабақ өтті.Денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлі және тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын түсіну үшін таңдалған "Ой қозғау",Ақылды алақан","Мен зерттеушімін"әдістері сабақ мақсатына жетуге бағытталды. Оқушылар ұжымдық,топтық,жұптық жұмыстарда белсенділік көрсетіп ,сабақты түсінгендерін көрсетті.Берілген тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай,балалар қызыға орындады. Дескрипторға сәйкес оқушылар өз білімін бағалап отырды.Сабақ соңында "Білім заряды" арқылы кері байланыс берілді. Сабақ мақсатына жетті. Өзара тәжірибе алмасу мақсатында сабаққа қатысқан ұстаздар ұйымдастырылған сабаққа ризашылық тарын білдірді.