13
ноябрь
2024
2024 жылдың 13 қараша күні 4 "Б" сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен "Халқымыздың салт-дәстүрлері" тақырыбында зерттеу сабағы өтті.
2024 жылдың 13 қараша күні бастауыш пән бірлестігінде "Зерттеу, Ізденіс, Енгізу" жобасы аясында директордың орынбасары Касенова Гульмира Тынышбекқызының басшылығымен, топ лидері Усенова Нүргуль Каметкалиевнаның жетекшілігімен іс-әрекетті зерттеу "Ізденіс" шығармашылық тобының мұғалімдері Кызайбаева Жамила Естаевна, Атханова Асел Сарқанбайқызы, Біржан Назгүл Біржанқызы, Ғалымжанқызы Ардақ, Байжуманова Айгерім Еділқызы, Омышева Айнұр Какенқызы бірлесе "Сюжет арқылы айтылым дағдысын жетілдіруге қалай қол жеткізуге болады?" атты зерттеу сұрағының аясында "Диафильм" әдісі арқылы әдебиеттік оқу пәнінен зерттеу сабақтарын бастап кетті. 4 "Б" сыныбында Ғалымжанқызы Ардақ әдебиеттік оқу пәнінен "Халқымыздың салт-дәстүрлері" тақырыбында зерттеу сабағын жүргізді. Зерттеу сұрағы, әдістері , жоғары деңгейлі үш оқушының сабақтағы іс-әрекеті, сабаққа қатысу деңгейі жан-жақты зерттеліп, зерделенді. Зерттеу сабағы өз деңгейде өтті.
Касенова Гульмира Тынышбекқызы сабаққа "сыншыл дос" ретінде қатысып, әріптестеріне шығармашылық табыс тіледі.




Касенова Гульмира Тынышбекқызы сабаққа "сыншыл дос" ретінде қатысып, әріптестеріне шығармашылық табыс тіледі.



