15
ноябрь
2025
"Жарық жұлдыз" жеңімпазы атанды.

Ағымдағы жылдың 15 қарашасы күні Алматы қаласында X Республикалық “Жарық Жұлдыз” балалар өнер байқауы өтті. Бұл өнер додасына еліміздің әр өңірінен таланытты өрендер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Аталмыш байқаудың хореография бағыты бойынша мектебіміздің 5-сынып оқушысы — Мадиева Аяулым өз өнерін көрсетіп, шеберлігімен қазылар алқасын тәнті етті.Аяулым өзінің сахна мәдениеті, би техникасы және орындаушылық қабілеті арқылы жоғары бағаланып, бас жүлдені жеңіп алды.Бұл жетістік – оқушының тынымсыз еңбегінің, ұстазының кәсіби бағыт-бағдары мен ата-анасының қолдауының жемісі. Мектеп ұжымы Аяулымды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен жаңа белестерге жетуіне тілектес!..