08
декабрь
2025
«Асхана» жүйесімен интеграцияны басқару ақпараттық сағат
5 желоқсан күні бастауыш сынып мұғалімдері арасында Аппараттық-бағдарламалық кешен «Асхана» жүйесімен интеграцияны басқару бойынша практикалық семинар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Касенованың ұйымдастыруымен, мектеп директоры Д.Т.Ахмолдаевтың қатысуымен өтті.
Семинардың мақсаты – педагогтар мен техникалық қызметкерлердің цифрлық құзыретін арттыру, мектеп асханасының барлық үдерістерін тиімді және ашық басқаруға мүмкіндік беру.
Семинар барысында:
Мектебіміздің ІТ маманы М.Муратов түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
✅ АПК «Асхана» жүйесінің құрылымы мен мүмкіндіктері талқыланды;
✅ Интеграцияны басқару алгоритмдері түсіндірілді;
✅ Оқушы мен ата-ананың жеке кабинеттеріндегі деректермен жұмыс істеу жолдары көрсетілді;
✅ Жиі кездесетін қателер мен оларды шешу тәсілдері қарастырылды;
✅ Асхана қызметін автоматтандыру және есептілікті жеңілдету бойынша ұсыныстар берілді.
✨ Бұл семинар мектептің цифрлық экожүйесін жетілдіруге, ата-аналарға ашықтықты қамтамасыз етуге және оқушыларға қауіпсіз, ыңғайлы қызмет көрсетуге бағытталған маңызды қадам.
Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс айтамыз!
Цифрлық мектеп – біздің ортақ мақсатымыз.