15
май
2019
Үздік қосымша білім беру педагогы - 2018 облыстық байқауы болып өтті.
Желтоқсан айының 6-7 күндері Талдықорған қаласының оқушылар сарайында Үздік қосымша білім беру педагогы - 2018 облыстық байқауы болып өтті. Сол байқауға мектеп-гимназиямыздың АӘД пәні мұғалімі Молдабергенов Талғат Борамбайұлы «Әскери патриоттық клуб» бағыты бойынша қатысты. Байқау барысында қатысушылар таныстырылым, шебер сынып сағатын (саптық байқау, мылтық ату, автоматты бөлшектеп , жинау) көрсетті, педагогтардан пән бойынша тест алынды. Байқау нәтижесінде Т.Борамбайұлы жүлделі 2-ші орынға «Үздік шебер сынып» номинациясын қоса жеңіп алды. «Туризм –өлкетану бағыты» бойынша Алажиде орталау мектебінің мұғалімі Нұрлан Сәкенов «Үздік шебер сынып » номинациясымен марапатталды.