23
май
2019
Мамыр айының 22-күні мектепішілік «Адал Ұрпақ» клубының 20 мүшесі Ақсу аудандық әкімшілігінің кіші залына аудан әкімі Базарханов Есім Сейілханұлымен к
Мамыр айының 22-күні мектепішілік «Адал Ұрпақ» клубының 20 мүшесі Ақсу аудандық әкімшілігінің кіші залына аудан әкімі Базарханов Есім Сейілханұлымен кездесуге барды. Кездесу барысында Есім Сейілханұлы оқушыларды сабақта озат, спортта белсенді болуға шақырды. Сонымен қатар аудан әкімі оқушыларға бүгінгі уақыттағы әлеуметтік салада, экономикадағы, заманауи технологиялардың дамуы саласында бірқатар мәліметтер беріп, заман ағымынан қалмауға, ғылымның күн санап дамып келе жатқанын ескеруге шақырды. Жиналысқа келген оқушылар өз мектебінің үздіктері, түрлі олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері екенін ескеріп, «ауданымыздың болашағысыңдар» деп қолдау білдірді. Оқушылар кездесу барысында Есім Сейілханұлына бірқатар көкейіндегі сұрақтарын қойды. Есім Сейілханұлы сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылардың жауабына қанағаттанатынын сұрап, біліп отырды. Мектеп қабырғасындағы оқушыларға ауданның лауазымды тұлғаларымен кездесудің үлкен әсер беретіні бар. Өйткені лауазымды тұлғалардан оқушылар үлгі алады, сөзіне құлақ түреді. Қысқа ғана уақыт ішінде маңызды, мазмұнды мәліметтер берген бұл кездесу оқушыларға болашақта үлкен жетістіктерге жетуге септігін тигізетіні сөзсіз.