24
сентябрь
2021
Педагогтік әдеп және ұстаздық шеберлік
2021 жылдың 24 қыркүйек күні директордың орынбасары Жазира Берденқызы және топ жетекшісі Арайлым Болатқызының жетекшілігімен, «Жігер» шығармашылық тобының жылдық жоспарына сәйкес кезекті «Педагогтік әдеп және ұстаздық шеберлік» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Іс –шараға мектеп – гимназияның педагог-психологы Айнур Нұрғазықызы және мектеп – тренері Айгерим Амангелдіқызы шақырылды. Өткізілген шара барысында жас мамандарға оқу үрдісіндегі кездесетін кедергілерді анықтап және оны жою жолдары ұсынылды. 