16
февраль
2021
«Қашықтықтан оқыту жағдайында білім сапасын арттыру»
2021 жылдың 10 ақпан күні мектеп-гимназиямыздың І деңгейлі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.К.Төркінбекова «Қашықтықтан оқыту жағдайында білім сапасын арттыру» тақырыбында облыс көлемінде таныстырылым жұмысын қорғады. Оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған әрекеттерді жоспарлау және жүзеге асырудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыруда атқарылып жатқан жұмыстың барысымен толық таныстырып, соңында тәжірибеге бағытталған рефлексия жүргізілді.