13
сентябрь
2024
Бастауыш пән бірлестігінде директордың орынбасары Касенова Гүлмира Тынышбекқызының жоспарына сай 13.09.2024ж. 4"А" сыныбында "Ана тілім - ата-бабам мұрасы" атты ашық тәрбие сағаты өз дәрежесінде өтті.
Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.
Бастауыш пән бірлестігінде директордың орынбасары Касенова Гүлмира Тынышбекқызының жоспарына сай 13.09.2024ж. 4"А" сыныбында "Ана тілім - ата-бабам мұрасы" атты ашық тәрбие сағаты өз дәрежесінде өтті. Мақсаты: Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру, ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру, туған ана тілін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Тіл мерекесіне орай мектебімізде дайындық жұмыстары өткен аптадан басталды. Бастауыш сыныптар бойынша 2-4-сыныптар арасында "Жеті жұрттың тілін біл" тақырыбында сурет байқауы, 2-4-сыныптар арасында "Тілге құрмет - елге құрмет" тақырыбында мәнерлеп өлең оқу сайысы, 4-сыныптар арасында "Тіл - асыл ойдың бұлағы" тақырыбында шығарма жазу ұйымдастырылғандығы айтылды.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар тіл туралы тақпақтар, "Ана тілім" әнін, сырнай аспабымен "Кербез қыз" күйін орындап, "Қамажай" биін биледі. Тәрбие сағатының соңында директордың орынбасары Касенова Гүлмира Тынышбекқызы оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады.