16
апрель
2021
ҮЙРЕНЕРІМ КӨП МЕНІҢ ... Сабақ – оқу үрдісіндегі ең құрамды бөлімі.
ҮЙРЕНЕРІМ КӨП МЕНІҢ ...
Сабақ – оқу үрдісіндегі ең құрамды бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындалу сапасы сабақтың берілген деңгейіне, оның мазмұндылығына, әдістемелік толысуына байланысты. Осындай мазмұнды сабақты қалай құру қажет?
Жаңашыл сабақты өткізгенде оқушыларға білім мен білікті игерту ғана емес, сонымен бірге олардың білімге деген қызығушылығын, шығармашылық санасын оятуға бола ма? - деген сұрақтарға мектеп-гимназия жас мамандары бүгінде өзара іс-тәжірибелерімен алмасты.
2021 жылдың 12 сәуір күні мектепішілік «Жігер» шығармашылық тобы мүшелерімен директордың орынбасары Ахмадиева Жазира Берденқызының ұйымдастыруымен «Аралас сабақты құрылымдау» тақырыбында вебинар жұмысы ZOOM платформасында жүргізілді.
Вебинарға жас маман Куланбаева Арайлым Болатқызы және Аскарова Айым Аскарқызы аралас сабақты құрылымдаудағы өз іс-тәжірибелерімен әсерлі бөлісе білді.
Оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы, мұғалімнің өз міндетіне, шеберлігіне байланысты. Әр мұғалімнің өзіндік әдіс - тәсілі бар. Қандай әдіс – тәсіл болса да, оқушыны ойлантуға жетелеумен бірге оны ортаға салуға, басқалармен пікір таластыруға жетелеуі тиіс. Мұғалім жұмысы ұдайы ізденісті, еңбексүйгіштікті қажет етеді деп вебинар барысында ой түйісті.