30
апрель
2021
Экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы
Сәуір айының 26-30 аралығында мектеп-гимназия бойынша экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы өтті. Сәуір айының 26-күні апталықтың жоспары бекітілді. Сәуір айының 26-күні мектеп –гимназия кітапханашылары «Табиғат туралы не білеміз?» кітаптардың виртуалды көрмесін өткізді. Сәуір айының 27-күні 5-сыныптар «Жер – біздің ортақ үйіміз» бейнеролигін жариялады. Апталық барысында 1-2 сынытар «Біздің үйдің жануарлары», 3-сыныптар «Мен табиғатты аялаймын», 4-сыныптар «Біздің аймақтың табиғатына қамқорлық» тақырыбында суреттерін салды. Сәуір айының 28-күні 6-сынып оқушылары «Табиғат аясындағы Мен!» тақырыбындағы сынып сағаттары өткізді. Технология пәні мұғалімдері «Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі» атты виртуалды қолөнер көрмесін өткізді.
Сәуір айының 29-күні Мектеп-гимназиямыздың 9- сынып оқушыларының экологиялық білім беру апталығы барысындағы "Жер ана тынысы" тақырыбындағы эссе жұмыстары, апталық барысындағы 7А сынып оқушыларының бейнеролигі, оқушыларымыздың "Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі тақырыбындағы" виртуалдық көрмесі, "Менің сүйікті табиғат бұрышым" тақырыбындағы сынып сағатынан үзінді, Мектеп гимназиямыздың 10 Б сынып оқушысы Керімбек Рунаның "Жер ана тынысы" тақырыбындағы мақаласы мектеп-гимназиямыздың әлеуметтік желісіне жарияланды.