22
февраль
2018
Ақпан айының 22-күні Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясында Ақсу аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастамасымен Елбасының «Болашаққа
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаң¬ғыру» атты бағдарламалық мақа¬ла-сында туған жердің тарихы, мәдениеті, діні, тілі, салт-дәстүрі және әдет-ғұрпы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу рухани жаңғырудың басты қағидаларының бірі екенін атап көрсетті. Бүгінгі қоғамда, жұртшылықта дін мен діндарлық туралы көптеген сауалдарға дұрыс жауапқа деген үлкен сұраныс бар. Тәуелсіздік заманы тұлғаларының өздерінің жаңғырған дүниетанымын қалыптастырып, имандылыққа ұмтылып бой түзеуі үшін шынайы діндарлық туралы толыққанды мағлұмат алуға мүдделі болуы заңды құбылыс. Ақпан айының 22-күні Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясында Ақсу аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастамасымен Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Жоғары руханият-зайырлы және діни құндылықтар негізі» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: мектеп-гимназия оқушыларына экстремизм мен терроризмнің қатерін, сипатын, арбау жолдары мен себептерін ашып көрсету, ата-бабамыздың дәстүрлі дінінің құндылықтарын жеткізу болды. Кездесуге Ақсу аудандық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Қасымбеков Нұрбол Нұрбекұлы, Ақсу аудандық орталық мешітінің имамы Анарбай Тасболатұлы, Ақсу аудандық жастар ресурсының кеңесшісі Төлепберген Еламан, мектеп-гимназияның 8-11 сынып оқушылары қатысты. Кездесуді мектеп-гимназияның ұйымдастырушы педагогы Ермеков Серік Қанатбекұлы жүргізді. Серік Қанатбекұлы алдымен эсктремизм мен терроризмнің мағынасына, белгілеріне, тарихына қысқаша тоқталып, еліміздің 2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы» қабылданған заңына тоқталып өтті. Кездесу барысында Ақсу аудандық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Қасымбеков Нұрбол Нұрбекұлы оқушыларға ауданымыздағы діни ахуал туралы мәліметтер беріп өтіп, оқушыларға экстремистік әсерден сақтану жолдарын айтып, оқушылардың басты міндеті білім алу екендігін баса айтып өтті. Ата-бабамыздың дәстүрлі дінінің құндылықтарын ашып көрсету мақсатында оқушыларға ақыл кеңесін Ақсу аудандық орталық мешітінің имамы Анарбай Тасболатұлы айтып өтті. Оқушылар қонақтарға тақырыпқа байланысты экстрмемистік секталар және олардан сақтану жолдары туралы сұрақтар қойды. Сұрақтарға Анарбай Тасболатұлы мейлінше толық жауап берді. Жеке тұлғаның діндарлығына байланысты мәселелердің баршасының қаншалықты нәзіктілігін ескерсек, «Жоғары руханият-зайырлы және діни құндылықтар негізі» атты кездесу — оқушылардың қоғамдық рухани сауаттылығын, діни мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты деп нық сеніммен айтуға болады.