01
сентябрь
2019
“ Армысың аяулы мектебім!”
2019 жылдың 1- қыркүйегі күні «Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша “ Армысың аяулы мектебім!” атты салтанатты алғашқы қоңырау мерекелік іс – шарасы болып өтті. Іс-шара мектеп жаныңдағы орталық алаңда Сағат 9:30 –де басталды. Іс-шараға 1-11 сыныптар оқушылары, ұстаздар, ата - аналар және құрметті қонақтар қатысты. Жүргізуішінің кіріспе сөзінен кейін музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шықырылды. Меркелік іс-шара Қазақстан Республикасының гимнінің орындалуымен ашылды. Салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөзін мектеп – гимназия директоры Жұмаханов Бекболат Жұмаханұлы сөз сөйледі. Жиынның қонақтары атынан сөз «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дәулетбекова Күләйхан Тұрсынбекқызына берілді. 1-сынып ұстаздары атынан құттықтау сөзі Атханова Әсел Сарқамбайқызына , мектеп ата-аналарының атынан Алдабергенов Шалқар Ануарбекұлына берілді . Алғашқы қоңырауды 11 «А» сыныбының оқушысы, мектебіміздің мақтанышы, мектепішілік «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшесі Бақытжанова Әйгерім және 1 «Б» сынып оқушысы Ілиясұлы Исмет соқты. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының гимнімен 10:10-да аяқталды. Алғашқы қоңырау мерекесінде өткізілетін «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты алғашқы дәстүрлі тәрбие сағаты дүйсенбі күні бірінші сабақта өткізіледі.