жемқорлыққа қарсы күрес » «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
ноябрь
2020

жемқорлыққа қарсы күрес

Пед кеңес.1- мәселе.
Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының 2020-2021 оқу жылының І-тоқсанында атқарылған жұмыстарының есебі.
2020-2021 оқу жылындағы мектеп-гимназияның және сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары сегіз бағыт бойынша жасалынды. Жоспарларды жасауда орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы негізге алынды.
Сынып жетекшілердің жоспарлары бұйрық бойынша өзгеріссіз қалған дәстүрлі сегіз бағыт бойынша жасалынуы керектігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тәрбие жоспарына «Кешкі эфир-кітап оқу сәні» жобасын жүзеге асыру, пандемияның алдын алу, Әл-Фарабидің 1150-жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175-жылдығы, Ата Заңымыздың 25-жылдығы тақырыптары қосылып, қашықтықтан оқыту жұмыстарына байланысты өзгерістер енгізілді. Мектеп-гимназияның тәрбие жоспарындағы негізгі мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жанжақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. Міндеттері: 1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету. 2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету. 3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету. 4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету. 5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету. 6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету. 7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту. 8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату болып табылады. Сынып жетекшілердің жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына сай жасалынды.
Қыркүйек айының 01-11 аралығында мектепке жол акциясы бойынша жұмыс жасалынды. Мәліметі аудандық білім бөліміне берілді. Мекеме басшысынан 7 смартфон мектеп-гимназия оқушыларына берілді. Мектеп-гимназия оқушыларының «Тіл мерекесіне» орай 8 видеоролигі жарияланды. Апта барысында ДТЖО мектепішілік есептегі 5 «Г» сынып оқушысы Чумакова Анастасияның, 8 «Б» сынып оқушысы Жармұханбет Алтынайдың үйіне барды. Оқушылардың үй жағдайымен танысты. Қашықтықтан оқыту барысында қиындық туындатқан 10 «В» сынып оқушысы Әзентаев Элдардың ДТЖО үйіне барып мектеп жанынан компьютер берілді. Аудандық білім бөліміне мектеп-гимназия оқушыларының құқықтық паспорты туралы, мектеп-гимназияның «Медиа жоспары» туралы мәлімет жасалып, берілді. Тамыз айында АСП алатын отбасылар туралы және оларға берілетін киім түрлері мен размері туралы мәлімет берілді.
Қыркүйек айының 14-18 аралығында «Экологияға алғашқы қадамдар» апталығы жарияланып,"Табиғи орта мен табиғи ресурстардың маңызы" тақырыбында сынып сағаты 3 сыныптар бойынша өткізілді.
-"Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы" тақырыбындағы 4-сыныптардың сынып сағатына қатыстық.
-«Табиғат - керемет әлем» тақырыбы бойынша 1-2 сыныптар арасында бейнефильм көру туралы тапсырма берілді және бақылау жұмыстары жүргізілді.
- "Жас экологтар мектебі" тақырыбында оқушылардың жұмыстары мектеп саиттарына жарияланды.
- «Ұлттық сана мен азаматтық парызды ояту - Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» мақсатында 8 сынып жетекшілері әңгіме – сұхбат жүргізді. --Тәртібі қиын оқушылардың сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Тәртібі қиын оқушыларды үйірмеге тарту жұмыстары жүргізілуде.
- «Сәтсіз жанұя»есебіндегі Чумакова Анастасияның үйіне рейд жасалды.
- «Қауіпті топта»алынған 9 «Б» сынып оқушы Жумағали Алтынайдың тәртібі аудандық кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссиясының отырысында қаралды.
-Қапшағай қаласындағы «Балдәурен»демалу және сауықтыру лагеріне балаларға сұраныс берілді. Сұранысқа кірген 4 оқушының құжаттары жинастырылды,дайындықтары тексерілді.27 қыркүйек күні сағат 8:00-де жолға шығады.
-Мектеп –гимназия бойынша АЕК алатын отбасы оқушылардың сұраныс бойынша келген киімдерінің размерлері дәл келмеген оқушылардың киімдеріне акт жасалынып, ауыстыруға сұраныс АББ –нің бухгалтериясына жіберілді.
- Мектептің жас ұстаздары «IQ Doda» зияткерлік ойынына қатысып, Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директорының алғыс хатымен марапатталды.
-8-9 сынып оқушылары арасында "Kitap kz" платформасын насихаттау жұмыстары, жетім, тұрмыстық жағдайлары төмен, көп балалы және сәтсіз отбасыларын есепке алу жұмыстары жүргізілді.
-«Мектепке жол» акциясы аясында мекеме басшыларына бекітілген оқушыларға смартфонмен қамтамасыз ете алмай отырған мекемелермен хабарласу жұмысы жүргізілді. Осы аптада:
* 7 сынып оқушысы Нұрқай Зердеге(аз қамтылған отбасынан,анасы 1-топтағы мүгедек) «Өнер» мектебінің директоры Есенов Досқали Молдағалиұлы смартфон табыстады.
2- сынып оқушысы Нурмуханова Аялаға (патронаттық тәрбиедегі бала)- аудандық қаржы бөлімінің басшысы Рахметова Алима смартфон алып берді.
2-сынып оқушысы Санатқызы Сезімге (көп балалы отбасынан) - «Ақсу аудандық әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының басшысы Динара Саятовна Карибаева смартфон алып берді.
1-сынып оқушысы Толеухан Ақниетке (АӘК алатын,аз қамтылған отбасынан)- аудандық өрт сөндіру бөлімінің басшысы Нұрдәулет Нұргелдіұлы Жақсыбаев смартфонды мектепке келіп табыстады.
ХҚКБ басшысы Берікбол Елемесұлы Темірханов смартфонмен қамтамасыз ете алмады,15000 тенгемен ақшалай көмек берді.
- «Ұстаздар күні»және «Қарттар күніне»орай сынып жетекшілерге тапсырмалар берілді.
- Ұстаздар күнімен мектеп ұжымын және ардагер ұстаздарды құттықтау мақсатында оқушылармен бейнероликтер түсірілуде.
Мектеп-гимназия бойынша облыстық білім басқармасының 42-42/2354 санды хатына сәйкес қазан айының 20 мен қараша айының 20 аралығында Дүние жүзілік балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы –адам құқығы» тақырыбында іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Іс- шара барысында «Бала және қоршаған орта» тақырыбында оқушылармен онлайн кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға сол күнге ауданымыздың жасөспірімдер арасында қылмыстық ахуалы туралы мәліметтер беріліп, қылмыс дегеннің не екені, және олардың себеп салдарлары туралы айтылды. ДТЖО тарапынан ауылымызда орын алып отырған құқықбұзушылықтарды мысалға ала отырып, оқушыларды тәртіп бұзбауға шақырды және сынып жетекшілерге ата-аналар балаларға көп көңіл бөлу керектігін тапсыру туралы айтылды. Мектеп-гимназия психологтары тарапынан агрессия деңгейін төмендететін кеңестер берілді. Сынып жетекшілерге кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жасөспірімдерді бақылауға алып, олардың бос уақыттарының тиімді ұйымдастырылуы, құқықтық сауаттылық пен ата-аналардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы шараларды ұйымдастыру тапсырылды. Қазан айының 21-күні мектеп-гимназиямыздың 8-10 сынып оқушылары мен Ақсу аудандық дін істер жөніндегі нұсқаушысы Ноғайшаев Фархат Қанатбекұлымен, және аудандық ТЖБ бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Зейнолданов Талғатпен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: оқушылардың құқықтық, діни сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық, экстремизм, терроризм және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Кездесу барысында Ақсу аудандық дін істер жөніндегі нұсқаушысы Ноғайшаев Фархат Қанатбекұлы ауданымыздағы діни ахуалмен таныстырып өтті. Оқушыларға кибертерроризм мен экстремизмнің қаупі, бүгінгі күндегі өрт қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың салдары туралы айтылып өтті. Сыныптарда өткізіліп жатқан іс шараларға келсек, қазан айының 23-күні С.Бекмұханбетовтың "Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік" Қашықтықтан сынып сағаттары өткізілді. Қазан айының 21-күні 8-сыныптары “Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік Қашықтықтан өткізілетін дөңгелек үстел өткізілді. Қазан айының 27-күні «Заңды білу заман талабы» тақырыбында 8-Б сыныбында іс-шара болып өтті. Қазан айының 25-күні Құқықтық сауаттылық —уақыт талабы" тақырыптарында 6"А"сынып жетекшісі Амангельдина Айгерім Амангельдиевнаның өткізген сынып сағаттары өткізілді. Осындай тақырыптарда сынып сағаттары мен іс шаралар 6 «Г», 7 «А» сыныптарында да өткізілді. Сынып сағаттары қашықтықтан өткізілгендіктен барлыұтарына бірдей қатысу мүмкіндік тудырмауда. Сондықтан паралллель сныптарды әр аптада таңдап алып қатысу жоспарлануда. Өкінішке орай кейбір сынып жетекшілер сынып сағаттарын жоспарланған уақыттан кейін қалдыруда. Құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында сынып сағаттары бүгінге күнге дейін өткізілуде. Алдағы уақытта сынып сағаттарын 6,7,9 сыныптардың арасында өткізу жоспарлануда. Кездесулер мен сынып сағаттармен қатар сынып жетекшілер тарапынан күнделікті «кешкі эфир» уақытында оқушылардың сабаққа қатыспауын бақылап, анықтау, сабаққа себепсіз қатыспаған оқушылармен олардың ата –аналарымен жеке әңгімелер жүргізу, қауіпті топтағы, ерекше бақылауды қажетететін оқушылардың, қамқоршылықтағы, мектепішілік есептегі оқушылардың үйлерін аралау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта «тәртібі қиын» оқушыларға құқықтық білім беру, жасөспірімдердің отбасында және өз қатарластары арасында өзін – өзі ұстау туралы ережелер мен жадынамаларды жасап, қолдану. Құқық бұзушылықтың алдын алу мен оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «кешкі эфир» мен «кітап оқу сәні» жобаларының жұмыстарын күшейту жоспарланып отыр.
Қараша айының 02-күні 1-сынып жетекшілерімен семинар өткізілді. Семинар барысында ыстық тамақты ұйымдастыру жұмыстарының реті туралы айтылды. Мұғалімдерге ыстық тамақ ішетін оқушылардың тәртібі мен жинақталатын құжаттарының тізімі туралы айтылды. Қараша айының 03 күні 5-10 сынып оқушыларымен Қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы семинар ұйымдастыру. "Діни экстремизмнің алдын алу" тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында семинар ұйымдастырылды.
Қараша айының 06-08 аралығында 8-сынып жетекшілеріне «Кешкі эфир», «Кітап оқу сәні» жобаларының жұмысы туралы бағыт бағдар берілді.
Апта бойы барлық сыныптардың ата-аналар комитетінің төрағаларының тізімін жинақтау жұмыстары жүргізілді. Қараша айының 03-күні Төлеуханова Азаттың 8 В сыныбындағы "Права и обязанности всех детей" тақырыбындағы сынып сағатына, Қалибек Шағаланың 8Ә сыныбындағы "Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты сынып сағатына қатысу жүгізілді. Апта бойы 8- сыныптардағы оқушылардың ой-пікірі Қазақстан туризмнінің өріс алуы туралы эссе жазу жұмыстары алынды.
Қараша айының 07-күні мектепішілік есептегі 6 Г сынып оқушысы Худекова Марияның үйіне рейд жасалды. Рейд барысында оқушының үй жағдайына көңіл бөлініп, оқушымен қоғамдық ортада өзін өзі ұстауы туралы әңгіме жүргізілді. Қараша айының 06-күні мектепішілік ерекше көңіл бөлуді қажет ететін оқушы Абдувалиев Оразахунның үйіне рейд ұйымдастырылды. Оқушының көңіл күйі тұрақты. Қараша айының 09-күні 5-10-сынып жетекшілерімен ZOOM платформасы арқылы семинардың өткізілуі туралы түсіндірме жұмыстары өткізілді. Семинар барысында ауданымыздың жүлделі спортшыларымен өтетін кездесу туралы айтылды. Қараша айының 10- күні 5-10 сынып оқушыларымен Қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы ауданымыздың спортшыларымен және олардың жаттықтырушысы Мұсабаев Азатпен кездесу ұйымдастырылды. Семинар барысында спортшылар оқушыларға спорттың түрлі сырлары мен мүмкіндіктері туралы айтып, салауатты өмір салтын насихаттап, спортпен айналысуға шақырды.
Қараша айының 09-10 аралығында 7-сынып жетекшілеріне «Кешкі эфир», «Кітап оқу сәні» жобаларының жұмысы туралы бағыт бағдар берілді.
Қараша айының 11-күні бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен күзгі каникул кезіндегі қашықтықтан оқушыларға сурет байқауы ұйымдастырылды. Апта бойы «Кино – мемлекеттің мәдениеті, айнасы» 10 сыныптағы оқушылардың ой-пікірін білу үшін эссе жазу жұмыстары алынды. Қараша айының 12-күні технология пәні мұғалімдерінің «үй жағдайындағы шеберхана» тақырыбындағы сабақтары ұйымдастырылды.

Шешім:1. Әр сыныпта «кешкі эфир» мен «кітап оқу сәні» жобаларының жұмысы жоғары деңгейде жүргізілсін.
2. Қауіпті топтағы, ерекше бақылауды қажет ететін оқушылардың, қамқоршылықтағы, мектепішілік есептегі оқушылардың үйлерін аралау жұмысы жүргізілсін.
3. «Тәртібі қиын» оқушыларға құқықтық білім беру жұмыстары жүргізілсін.
4. Жасөспірімдердің отбасында және өз қатарластары арасында өзін – өзі ұстау туралы ережелер мен жадынамаларды жасалынып, таратылсын.
5. Сынып жетекшілер тарапынан оқушының тәртібіне байланысты ата-аналардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы шаралар ұйымдастырылсын.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив