Тәжірибемен алмасу – кәсіби қажеттілік 2021 жылдың 5 ақпан күні мектеп – гимназияда Талдықорған қаласы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы № 24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейімен бірлескен жұмыс нәтижесінде, тығыз байланыс орнатуда мектеп – гимназиямыздың жас маманы, математика пәнінің мұғалімі Айқын Өркен ZOOM платформасы арқылы 6 «А» сыныбымен «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік» тақырыбында зерттеу сабағын өткізді. Сабақ үрдісінде пән мұғалімі белсенді әдістерді тиімді пайдалана білді. Таңдалып алынған тапсырмалар оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Оқушылар да тақырыпты толық меңгеріп, сабақ үрдісінде белсенділік танытып отырды. Мектеп – гимназиямыз аталған лицеймен қазіргі таңда сабақты зерттеу бойынша тәжірибе алмасып жұмыс жасап жатыр. Бүгінгі сабақ соның айғағы десек те болады. Сабаққа барлығы 48 педагог қатысып, соңында өз тараптарынан кері байланыстарын, ұсыныстарын айтып өтті.