19
сентябрь
2019
Аудандық ІІБ қызметкерлерімен кездесу
Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарында Аудандық ІІБ қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырудың орны ерекше. Қыркүйек айының 12-күні Ақсу аудандық Ювеналдық полиция басшысы Нұрлыбекова Қарақат Дәулетқызымен кездесу болып өтті. Кездесу барысында оқушылар ауданымыздың қылмыстық жағдайларымен, салдарларымен, оған көбінесе түрткі болатын оқиғалармен танысты. Оқушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алып отырды.