27
ноябрь
2025
Зерттеу сабағы өткізілді
2025 жылы қараша айының 26 күні «Жалын» шығармашылық-зерттеу тобының кезекті жоспарына сәйкес «Жасанды интеллект құралдарын математика сабақтарына кіріктіру оқушылардың есеп шығару дағдыларын жетілдіруге қалай ықпал етеді?» деген зерттеу сұрағы аясында А.А.Тойболдинова 1 «Б» сынып оқушыларымен «Ондықтармен ауызша қосу және азайту» тақырыбында Google form арқылы зерттеу сабағын өткізді. Сабақ мақсатына сай оқушылар ондықтармен қосып азайтуды меңгерді. Үйлестіруші директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Т. Қасенова мен Н.К.Усенова одан әрі жетілдірудің маңызды бағыттары туралы өз ұсыныс пікірлерін айтып өтті.