21
октябрь
2025
Зерттеу сабағы өткізілді
2025 жылдың 20 қазан күні мектепішілік «Күндіз, мектепте, бірлесе» жобасы аясында «Ізгілік» шығармашылық-зерттеу тобының І айналым зерттеу сабағы өңірлік деңдейде өткізілді. «Доспамбет жырау: "Айналайын, Ақ Жайық" тақырыбындағы зерттеу сабағын А.Жумагулова жүргізді. Бақылаушылар: Ж.Есимова, Л.Торкимбекова, А.Байболов нысанадағы оқушыларды бақылап, талдау, талқылау кезеңінде мәлімет берді. Топ мүшелері «6 «Ә» сынып оқушыларының көркем шығарманы талдау, сыни пікір білдіру, өзіндік баға беру дағдыларын дамытуға ЖИ әдісі қалай әсер етеді?» зерттеу сұрағы аясында нәтижелерімен бөлісті. Пікірлесу алаңында Ақсу ауданы бойынша әдістемелік орталығының әдіскері З.Е.Фазылжанова пікіралмасуға қатысып, ой қосты. І.Жансүгіров атындағы ОМ, Көшкентал ОМ, Қ.Терібаев атындағы ОМ келген әріптестеріміз өз ұсыныс-пікірлерімен, оң бағасын берді. Мектеп тренері А.Амангельдина талдау нәтижесін қорытындылап, директордың орынбасары Ж. Ахмадиева зерттеуді құжаттау рәсімімен таныстырды.