13
январь
2020
РОБОТОТЕХНИКА – БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ
РОБОТОТЕХНИКА – БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ
Мектеп – гимназияда 2020 жылдың 13 – қаңтарында әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарына сай «Жалын» пән бірлестігінің «Математика, геометрия және информатика пәндерінен алған теориялық білімдерін робот техникасы жүйелерінде қолдану» тақырыбында жас мамандарға арналған мектепішілік семинар болып өтті. Семинар мақсаты: Білім саласындағы сапалы білім беруде түрлі инновациялық бағыттағы, «Робототехника» элементтерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Кеше фантастика болған робот, робототехника осы жаһандану дәуірінде «ақылды» құрылғылар ретінде өмірімізге дендеп ене бастады. Бүгінде түрлі салада адамдар осы роботтардың көмегіне жүгінеді. Сол себепті бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғам техниканың қыр-сырын білуді қажет етіп отыр. Өйткені, XXI ғасыр – робототехниканың заманы. Ең бастысы бұл қазіргі кезде трендтегі салалардың бірі. Күнделікті өмірде барлық салада қолданылатын робототехниканың көмегімен келешекте жарқын өмір сүруге үлкен мүмкіндіктер туып отыр. Сондықтан, қазіргі кезде информатика пәні батауыш сыныптан бастап енгізіліп, оқушылар мен ата-аналардың қызығушылығын тудыруда. Нәтижесінде балалардың кішкентай кезінен бастап креативтілігі, логикасы мен жан-жақты ойлау қабілеті дамиды. Бастысы болашақта мамандық таңдауда да өз пайдасын тигізетіні анық.