15
май
2019
Мектептің көптеген маңызды функцияларының бірі– оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру.
Бұндай жұмыстар оқушылардың ой-өрісіне бағыт береді, мұны кәсіптік үгіт деп те қарауға болады. Ақпан айының 08-күні мектеп-гимназиямызға Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің және Евразия технологиялық Университетінің ұстаздары іссапармен келіп кетті. Басты мақсаты оқушыларды өздері қызмет етіп жатқан ЖОО-ның білім беру үрдісімен таныстыру. Оқушылар аталмыш ЖОО-ның беретін мамандықтарымен, білім мазмұнымен, оқудан кейінгі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен және де өздерін қызықтырған қаржылық жақтарымен де танысты. Оқушылар түрлі мамандықтарды игере отырып, Университет қабырғасында уақыттарын көңілді өткізуге, спортпен айналысуға мүмкіндіктері мол болатынына көз жеткізді. Келген қонақтарға сұрақ қою кезінде оқушыларды жатақхана мәселесі толғандыратыны анықталды. Ұстаздар бұл мәселе бүгінгі таңда шешімін тапқанын айтып өтті. Ұстаздар таныстырылымдарды көрсетіп болған соң оқушылармен "Бриффинг" ойынын ұйымдастырды. Ойынға қатысқан 11-сынып оқушылары өздерінің география мен Қазақстан тарихы пәндерінен білімдерін көрсетті. Үздік шыққан 3 оқушы естелік сыйлықтармен марапатталды.
