Ақпарат » Страница 3 » «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сурет байқауы ұйымдастырылды.
21
ноябрь
2025
Сурет байқауы ұйымдастырылды.
Мектеп-гимназиямызда 5-8 сынып оқушылары арасында «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» атты тақырыпта мектепішілік сурет байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы көзқарастарын қалыптастыру. Байқау барысында оқушылар өз жұмыстарында есірткіге қарсы күрес, денсаулықтың маңыздылығы және зиянды әдеттерден аулақ болу туралы ойларын бейнелеу өнері арқылы жеткізді. Үздік суреттер мектепішілік
«Нашақорлыққа қарсымыз» сурет байқауы өтті!
19
ноябрь
2025
«Нашақорлыққа қарсымыз» сурет байқауы өтті!
«Нашақорлыққа қарсымыз» сурет байқауы өтті! Қ. И. Сәтбаев атындағы мектеп-гимназияда 3-4-сынып оқушылары арасында «Нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. 🎯 Байқаудың басты мақсаты — оқушыларға нашақорлықтың зиянды салдарын түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау және шығармашылық қабілеттерін дамыту. 🖍 Оқушылар өз суреттерінде нашақорлықтың теріс әсерін шебер бейнелеп, салауатты өмір туралы көзқарастарын көркем түрде жеткізді. ✨ Байқау жоғары деңгейде өтіп,
"Жарық жұлдыз" жеңімпазы атанды.
15
ноябрь
2025
"Жарық жұлдыз" жеңімпазы атанды.
Ағымдағы жылдың 15 қарашасы күні Алматы қаласында X Республикалық “Жарық Жұлдыз” балалар өнер байқауы өтті. Бұл өнер додасына еліміздің әр өңірінен таланытты өрендер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Аталмыш байқаудың хореография бағыты бойынша мектебіміздің 5-сынып оқушысы — Мадиева Аяулым өз өнерін көрсетіп, шеберлігімен қазылар алқасын тәнті етті.Аяулым өзінің сахна мәдениеті, би техникасы және орындаушылық қабілеті арқылы жоғары бағаланып, бас жүлдені жеңіп алды. Бұл жетістік – оқушының
Ағартушылық жұмыс жүргізілді
10
ноябрь
2025
Ағартушылық жұмыс жүргізілді
Мектеп-гимназияда балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық пен өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу мақсатында жүйелі ағартушылық жұмыс жүргізілді. Іс-шара барысында оқушылар мен ата-аналарға арналған жадынамалар, ақпараттық буклеттер мен нұсқаулықтар таратылып, психологиялық қауіпсіздік, эмоциялық тұрақтылық және көмекке жүгіну жолдары туралы толық мәлімет берілді. Бұл шара оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытуға және психоэмоционалды жағдайын тұрақтандыруға бағытталған.
«Функционалды математикалық сауаттылық: әдістер мен технологиялар» тақырыбында іс-тәжірибелермен бөлісті
10
ноябрь
2025
«Функционалды математикалық сауаттылық: әдістер мен технологиялар»
2025 жылдың 07 қараша күні мектепішілік «Функционалды математикалық сауаттылық: әдістер мен технологиялар» тақырыбында математика пәні мұғалімі Маден Гулжан курстан кейінгі кездесу өткізді. Тәжірибелік алаңда функционалды математикалық сауаттылықты дамытуға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдер мен технологияларды тиімді пайдалану, жетілдіру, тәжірибе алмасу арқылы оқыту сапасын арттыру мақсатында тәжірибелік идеяларымен бөлісті.
Сауалнама жүргізілді
29
октябрь
2025
Сауалнама жүргізілді
Мектеп-гимназияда «Тұрмыстық зорлық-зомбылық және жыныстық тиіспеушілікті анықтау, оның алдын алу және азайту» тақырыбында оқушылар, ата-аналар және педагогтер арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты – зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның салдарын түсіндіру, сондай-ақ жыныстық тиіспеушілік туралы хабардарлық деңгейін анықтау. Қатысушылардың ой-пікірлері мен жауаптары сарапталып, алдағы алдын алу шараларын жоспарлау мен тиімді тәсілдерді енгізуге негіз болды.
Жасырын сауалнама мен психологиялық тестілеу жұмыстары жүргізілді
20
октябрь
2025
Жасырын сауалнама мен психологиялық тестілеу жұмыстары жүргізілді
Мектеп-гимназияда оқушылар арасында алкогольдік ішімдіктер, есірткі, уытты заттарды қолдануға және темекі шегуге бейім мінез-құлықтың алдын алу мақсатында жасырын сауалнама мен психологиялық тестілеу жұмыстары жүргізілді.Аталған шараның мақсаты — оқушылар арасында зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.