06
декабрь
2019
Өрт қауіпсіздігі
2019 жылдың 4 желтоқсан күні 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен өрт қауіпсіздігінің ережелерімен таныстыру, өрт болған жағдайда оқушылар өздерін қалай ұстауы керектігі мақсатында «Өрт. Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның нәтижесінде оқушылардың санасында оттың тілсіз жау екендігі, өрт болған жағдайда қаншалықты жинақы, тез қимылдау керектігі туралы ой қалыптастырылды. Іс шараға Ақсу аудандық ТЖБ бөлімінің мамандары қатысып оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.