30
декабрь
2021
Асханадағы балаларға арналған ас мәзірі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысына сәйкес жасалынды.
Мектеп-гимназиямызда ыстық тамақтың берілуі «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығына, «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылып, жүзеге асырылуда. Бүгінгі уақытта тегін ыстық тамақпен 105 оқушы мемлекет тарапынан, 2 оқушы кәсіпкер тарапынан тамақтандырылуда. Оқушыларға ас мәзірі бойынша тамақ беріледі, оқушылар уақытында келіп тамақтанады, тегін ыстық тамақ тиісті мөлшермен беріледі. Асханадағы балаларға арналған ас мәзірі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысына сәйкес жасалынды.