15
май
2019
"Бала.Құқық бұзушылық және жауапкершілік"
Ақпан айының 13-күні мектеп-гимназиямызда Ақсу аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушыларының ауданымыздың бірқатар мекемелерінің лауазымды тұлғаларымен, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерімен "Бала.Құқық бұзушылық және жауапкершілік" тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге Білім бөлімінің бас маманы Қожанова Салтанат Айтқожақызы төрағалық етті. Кездесуге қонақ ретінде Ақсу ауданының прокурорының орынбасары Сабырбаев Әділет Асқарұлы, Ақсу аудандық ІІБ ювеналды топ басшысы полиция подполковнигі Нұрлыбекова Қарақат Дәулетовна,Ақсу аудандық мешіттің бас имамы Анарбай Тасболатұлы, Ақсу аудандық "Жастар" ресурстық орталығының маманы Төлепберген Еламан, Аудандық аурухана бойынша СӨС медбикесі Құдайбергенова Баян келді. Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқық бұзушылық пен зорлық –зомбылықтың алдына алу барысындағы іс-шаралар», «Ақсу ауданы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының жүргізілуі»,«Жолда жүру қауіпсіздігінің қамтамасыз ету ережелері туралы» , « Иманды жастар- ел келешегі», «Құқық бұзушылықтың зардаптары туралы», «Наркомания,алкоголизм,шылым шегу» сияқты тақырыптарда баяндамалар оқылды. Кездесу барысында мектеп-гимназияның оқушылары өз өнерін көрсетті. Кездесуді Білім бөлімінің бас маманы Қожанова Салтанат Айтқожақызы қорытындылап, қонақтарға алғысын білдірді.