Жемқорлыққа қарсы күрес » «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
апрель
2022

Жемқорлыққа қарсы күрес

Педагогикалық кеңес                                                     3-мәселе

«ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі іс – шаралар жоспарының мектеп-гимназиясы бойынша орындалуы туралы»

2016 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны, Елбасы Н.Назарбаев айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-ші қадамын жүзеге асыруға бағытталғаны бәрімізге белгілі. Жаңа қабылданған заңның бұрынғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнан айырмашылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жаңа көріністері енгізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіру жөніндегі өкілеттіктер берілген уәкілетті орган айқындалады. Тағы бір ерекшелігі «Сыбайлас жемқорлық», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекел», «жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясындағы мониторинг» ұғымдары ашыла түскен. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алудың пәрменді тетігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен қоғамдық бақылау екені анық.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы тарапынан жүйелі және ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 
 
2021-2022 оқу жылының басынан білім беру ұйымдарында мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасының іске асырылуы бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының рөлі орасан зор . «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі міндеттері:

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
 2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу;
 3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс – шараларды ұйымдастыру;
   Қазан айының 15 күні мектепішілік «Адал ұрпақ» ерікті клубының слеті өткізілді. Слетка мектебіміздің адал ұрпақ ерікті мектепішілік клубының мүшелері қатысты. Слет облыстық шарттар бойынша өтті. Шарт бойынша слет 8 кезеңнен тұрды. Оқушылар 8 кезең бойынша өнер көрсетіп, оның ішіндегі 3 кезең бойынша аудандық слетке іріктеліп алынды. Оның ішінде Патриоттық әндер байқауы кезеңі бойынша Марат Нұрболат, 100 жаңа есім кезеңі бойына Нұртолеу Ақтоты, мен Сурет байқауы Қапсалан Ерасыл өтті. Слет жоғары деңгейде өткізілді.Барлық мәлімет мектеп сайттарына жарияланды.

«Адал ұрпақ – мәңгілік ел идеясы» тақырыбында дөңгелек үстел мен бірқатар сынып сағаттары ұйымдастырылды. Оқушылар тарапынан түрлі мәселелер талқыланды. Мәселен жемқорларға қандай жаза қолданылады? Пара берген және пара алған адамдарға жаза бірдей ме әлде олар әртүрлі статьямен кете ме ? Еліміздегі жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қазіргі кезде қандай шаралар қолданылып жүр? Жемқорлыққа қарсы қай елді үлгі етіп алуға болады? - деген сияқты сұрақтарға оқушылар мәліметтер алды. Қараша айында аудандық «Саналы ұрпақ» атты пікірсайыс және интеллектуалды ойыны болып өтті. Жастар саясатының ұйымдастыруымен өткізілген бұл ойындарға мектеп-гимназияның 10 сынып оқушылары қатысып , пікірсайыстан «Алғыс хатпен», интеллектиуалды ойыннан ІІ орынмен марапатталды.

Қараша айының 6 күні Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясында біріңғай «Адалдық сағаттары» жүргізілді. Жоспарланған сынып сағаттарына қоса ұйымдастырылған мектепішілік «Адал ұрпақ» клубының мүшелерінің пікірталас ойыны мен викториналық сабаққа мектеп-гимназия әкімшілік мүшелері қатысып ,алғыс білдіріп оқушыларға оқуда табыс тіледі. 

Мектеп –гимназиямыздың екінші қабатына сенім телефоны, АКТ залына кіре берісінде «Сенім жәшігі» ілінген. Аптасына бір рет түскен хаттар тексеріліп тұрады. 2021-2022 оқу жылыың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша жемқорлық туралы шағымдар түскен жоқ.  Осындай іс-шаралардың арқасында мектеп-гимназия оқушыларының бойында «сыбайлас жемқорлыққа» қарсы мәдениетін қалыптастыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізіле бермек. 

Шешім:

1.     Мектеп-гимназия бойынша оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары өз деңгейін жұмысын жалғастырсын.

2.       Сынып жетекшілердің жоспарына оқушылардың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сіңіру мақсатында іс-шаралар айына бір рет аудан әкімшілігінің берген кестесіне орай өткізіліп тұру енгізілсін. 

3.     Мектепішілік «Адал ұрпақ» клубының жұмыстарына қолдау көрсетілсін. 

4.     Мектеп- гимназия кітапханасында «Парасатты азамат» бұрышы жасалынсын.
 
Директордың орынбасары                          С.С.Қыдырманов

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив