05
февраль
2021
"Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары"
Мектеп-гимназия қабырғасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жоспар бойынша жүргізілуде. Қараша айының 18-күні мектеп гимназия оқушыларымен "Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары" тақырыбында қашықтықтан "ZOOM" платформасы негізінде дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында 7-сынып жетекшісі Ләззат Төркінбекова оқушыларға Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары, жалпылама белгілері, анықтамасы, оны жоюдың жолдары туралы айтып өтті. Таныстырылымнан кейін оқушылардың ойлары тыңдалды. Дөңгелек үстел барысында директордың орынбасары Серік Қанатбекұлы сыбайлас жемқорлыққа тереңірек түсінік беріп өтті. Дөңгелек үстел қонағы, Ақсу аудандық әкімшілігінің Ішкі Саясат Бөлімінің бас маманы Талғат Көшербайұлы ауданымызда жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы, "Жетісу адалдық алаңы" жобасы туралы түсіндіріп, дөңгелек үстелді ұйымдастырып отырған мектеп-гимназия әкімшілігіне, мұғалімдеріне алғысын білдірді. Оқушыларға рахметін айтып, болашақта үлкен жетістіктерге жетуге тілек білдірді.