«Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты » «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы» отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
23
февраль
2022

«Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты

2022 жылы 17 қаңтар күні Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясында 7-11 сынып оқушыларына «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Патриотизмнің атасы махаббат, яғни әкеге, анаға, бауырға, аулдас көршіге, парталас сыныптастарға деген махаббат. Міне осынау махаббаттардан бастау алып бірте-бірте ауыл аймақ, Ел мемлекет деңгейіне ұласатын сезімді біз патриотизм деп атап жүрміз.
Жалаушалар желбіретіп ұранды сөздер айту патриотизмнің негізгі көрсеткіші емес. Шың патриот сөзімен ісі қабысатын адам. Ол қандайда бір өнеге істі өзі жасайды сосын өзгелерді жақсылыққа шақырады. Қазіргі уақытта шетел асып кетіп жатқан азамат пен азаматшаларда жетерлік. Күн көрістің кілтін сыртта жырақта іздемек әрине жазғыра алмаймыз өзгеден талап етпес үшін, оны алдымен жақын туыстарының бойына сіңіру керек емес пе. Шет елге барып алып өз елін жамандап тас лақтыратында бар оданда сыртта алған білімін ішкі елдің игілігіне жұмсаса, елге келіп оқыған түйгенін туған жерде іске асыра нұр үстіне нұр болар еді.
Тектілік қанмен келеді отансүйгіштік осының бір көрінісі сырт көзге өз елінің мұңын айту патриоттық емес, қазақта жамандығын жасырып, жақсылығын асырып деген сөз бар, яғни қол сынса жен ішінде, бас жарылса бөрік ішінде.
Расында патриоттық дегеніміз шетел ассан жерінді сағыну, елінің беделі биік болашағы кемел болғанын қалау, бұл тұтас мемлекет ұғымына қатысты сезім.
Аумағымызды руымызды құрмет тұтармыз бірақ ол жершілдікке ұласып кетсе ше? Ұдайы руының, ауылының сойылының бөлінуге бейім әрекетін қалай түсінеміз, бұл патриоттық сезім емес екені айдан анық, бұл сүттей ұйыған ынтымақты ірітіп тас қамал бірлікті бұзатын қауіпті құбылыс.
Елдің жүгі ер мойнында, отан үшін жан пида дейтін қанатты сөздер де қазақ ұлтының отансүйгіштік айғағы.
Патриоттың бір көрінісі өз кәсібіннің майталманы болу, адал кәсіптен нәпақа ала отырып ел экономикасына сеп болу, әр қазақ менің жалғызым деп кең ойлау. Ыңтымақ пен бірлікті көздің қарашығындай сақтау деген сөз. Сөзімді ұлт мақтанышы Қаныш (Ғабдулғани) Имантайұлы Сәтбаевтың мына керемет сөзіммен қорытындылағым келеді «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойланбаған адамды қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтынын да мақтап жарытпас».
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив