Іс-шаралар » Страница 2 » «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Менің отбасым» тақырыбында оқушылар арасында эссе жазу байқауы өтті.
12
декабрь
2025
«Менің отбасым» тақырыбында оқушылар арасында эссе жазу байқауы өтті.
Мектеп-гимназияда «Менің отбасым» тақырыбында оқушылар арасында эссе жазу байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқушылардың отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру, отбасындағы қарым-қатынастың маңызын түсіндіру және отбасындағы өз орнын сезінуіне ықпал ету. Жазба жұмыстарында оқушылар өз ата-аналарына, бауырларына деген қарым-қатынасын, отбасындағы жылулық пен бірлікті әсерлі жеткізе білді.
Құқықтық жауапкершілік – ортақ міндет!
11
декабрь
2025
Құқықтық жауапкершілік – ортақ міндет!
Құқықтық жауапкершілік – ортақ міндет!Қ. И. Сәтбаев атындағы мектеп-гимназияда кәмелетке толмағандар арасында есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін туындайтын құқықтық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 🔹 Шара барысында оқушылармен ғана емес, олардың ата-аналарымен де кездесу өткізіліп, бала тәрбиесінде қадағалаудың, сақтықтың маңыздылығы ерекше айтылды. 🔹 Заң талаптары, жауапкершілік түрлері нақты мысалдармен түсіндіріліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға баса назар
Профилактикалық шара ұйымдастырылды
11
декабрь
2025
Профилактикалық шара ұйымдастырылды
Мектеп-гимназияда аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім, «қауіп тобындағы» балалар мен жасөспірімдерді ерте анықтау және олардың мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу, түзету мақсатында жоспарлы түрде профилактикалық шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылармен жеке және топтық әңгімелер, психологиялық сауалнамалар жүргізіліп, нәтижесінде қауіп тобына жататын оқушылар анықталмады.
«Асхана» жүйесімен интеграцияны басқару ақпараттық   сағат
08
декабрь
2025
«Асхана» жүйесімен интеграцияны басқару ақпараттық сағат
5 желоқсан күні бастауыш сынып мұғалімдері арасында Аппараттық-бағдарламалық кешен «Асхана» жүйесімен интеграцияны басқару бойынша практикалық семинар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Касенованың ұйымдастыруымен, мектеп директоры Д.Т.Ахмолдаевтың қатысуымен  өтті. Семинардың мақсаты – педагогтар мен техникалық қызметкерлердің цифрлық құзыретін арттыру, мектеп асханасының барлық үдерістерін тиімді және ашық басқаруға мүмкіндік беру. Семинар барысында: Мектебіміздің ІТ маманы
Зерттеу сабағы өткізілді
28
ноябрь
2025
Зерттеу сабағы өткізілді
2025 жылдың 27 қарашасында М.Ө.Рахымберлина 4"Б" сыныбымен зерттеу сабағын өткізді. Зерттеу сабағында жұптық жұмыс тапсырмасы Google Form арқылы орындалды. Үйлестіруші директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Касенова Г.Т. одан әрі жетілдірудің маңызды аспектілерін анықтап, үйлестіруші Усенова Н.К. топ жетекшісі ретінде әрекет етсе, зерттеу тобы: Тойболдинова А.А., Отарбаева А.У, Байжұманова А,Е және Рахымберлина М.Ө оқушылардың әрекеттесуінің динамикасы мен ерекшеліктерін жазып, сабаққа
Зерттеу сабағы өткізілді
27
ноябрь
2025
Зерттеу сабағы өткізілді
2025 жылы қараша айының 26 күні «Жалын» шығармашылық-зерттеу тобының кезекті жоспарына сәйкес «Жасанды интеллект құралдарын математика сабақтарына кіріктіру оқушылардың есеп шығару дағдыларын жетілдіруге қалай ықпал етеді?» деген зерттеу сұрағы аясында А.А.Тойболдинова 1 «Б» сынып оқушыларымен «Ондықтармен ауызша қосу және азайту» тақырыбында Google form арқылы зерттеу сабағын өткізді. Сабақ мақсатына сай оқушылар ондықтармен қосып азайтуды меңгерді. Үйлестіруші директордың оқу ісі жөніндегі
Сурет байқауы ұйымдастырылды.
21
ноябрь
2025
Сурет байқауы ұйымдастырылды.
Мектеп-гимназиямызда 5-8 сынып оқушылары арасында «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» атты тақырыпта мектепішілік сурет байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы көзқарастарын қалыптастыру. Байқау барысында оқушылар өз жұмыстарында есірткіге қарсы күрес, денсаулықтың маңыздылығы және зиянды әдеттерден аулақ болу туралы ойларын бейнелеу өнері арқылы жеткізді. Үздік суреттер мектепішілік
«Нашақорлыққа қарсымыз» сурет байқауы өтті!
19
ноябрь
2025
«Нашақорлыққа қарсымыз» сурет байқауы өтті!
«Нашақорлыққа қарсымыз» сурет байқауы өтті! Қ. И. Сәтбаев атындағы мектеп-гимназияда 3-4-сынып оқушылары арасында «Нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. 🎯 Байқаудың басты мақсаты — оқушыларға нашақорлықтың зиянды салдарын түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау және шығармашылық қабілеттерін дамыту. 🖍 Оқушылар өз суреттерінде нашақорлықтың теріс әсерін шебер бейнелеп, салауатты өмір туралы көзқарастарын көркем түрде жеткізді. ✨ Байқау жоғары деңгейде өтіп,
Ағартушылық жұмыс жүргізілді
10
ноябрь
2025
Ағартушылық жұмыс жүргізілді
Мектеп-гимназияда балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық пен өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу мақсатында жүйелі ағартушылық жұмыс жүргізілді. Іс-шара барысында оқушылар мен ата-аналарға арналған жадынамалар, ақпараттық буклеттер мен нұсқаулықтар таратылып, психологиялық қауіпсіздік, эмоциялық тұрақтылық және көмекке жүгіну жолдары туралы толық мәлімет берілді. Бұл шара оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытуға және психоэмоционалды жағдайын тұрақтандыруға бағытталған.
Сауалнама жүргізілді
29
октябрь
2025
Сауалнама жүргізілді
Мектеп-гимназияда «Тұрмыстық зорлық-зомбылық және жыныстық тиіспеушілікті анықтау, оның алдын алу және азайту» тақырыбында оқушылар, ата-аналар және педагогтер арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты – зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның салдарын түсіндіру, сондай-ақ жыныстық тиіспеушілік туралы хабардарлық деңгейін анықтау. Қатысушылардың ой-пікірлері мен жауаптары сарапталып, алдағы алдын алу шараларын жоспарлау мен тиімді тәсілдерді енгізуге негіз болды.